Адамдарды қалай қызықтыруға болады?

Oinet.kz 20-02-2019 1729

Адамдардың қызығушылығын оята білудің өзі – өнер. Өйткені, адамдарға деген қызығушылық қана оны тануға мүмкіндіктерді ашады. Сіздің адамдармен қарым-қатынасыңызды нығайтады.  Қызығушылықты ояту үшін не істеуіңіз керек? Белсенді адам болу: Белсенді болыңыз. Белсенді адамдардың қуаты тасып тұрады. Олар әркез өзгені күлдіріп, өзгенің көңілін көтеріп жүреді. Сондықтан, олардың тартылыс күші жоғары болады.  Әдетте, жуас, үндемейтін адамдармен қарым-қатынас орнату қиын. Еріншек адамдар да бұл қатардан шығып қалады. Өйткені, олар өзге істерге уақытын арнамайтындықтан, ортақ істерді де табу қиынға соғады. Бақытты адамдардың тартылыс күші жоғары: Неге? Адамдар айналасын қоршаған адамдардың көңіл-күйін сол сәтте-ақ қабылдап алады. Олар солай қалыптасқан. 

27eb52e125f119756b1d058fbbd8f107.jpg

Бақытты адамдар айналасын бақытты ете алады. Сондықтан, оларды магнитке теңейді. 

Белгілі бір дүниеге құштар болыңыз: 

– Шығармашылық әрекеттер 

– Фильмдер, әндер 

– Ғылым саласын меңгеріңіз.

Адам бар жан-тәнімен айналысатын ісің айтқан кезде, кез келген адамды қызықтыра алады. 

Сананыңызды қызықты заттарға толтырыңыз: 

Кітап оқыңыз, театрларға барыңыз, қызықты блогтар оқыңыз, жаңа әуендерді тыңдаңыз. 

Өзгенің істеп жатқан жұмысына қызығушылық танытыңыз. Сонда ғана өзгелердің еңбегің бағалай білетін боласыз. Әрине, айтатын әңгімелеріңіз де жан-жақты бола түседі. 

Біртүрлі адам болудан қорықпаңыз: Көп адам өзінің ерекше қылықтарын жасырып, қоғамда қалыптасқан бейне бойынша өмір сүруді қалайды. Бірақ, ол сізге көптің арасында байқалуыңызға мүмкіндік бермейді. 

Сұрақтар қойыңыз: Сұрақ қою шынымен де қызығушылық танытып отырғаныңызды білдіреді. Бірақ, сұрақ қоюдың да өз реті бар. Шектен шықпаңыз. Бірақ, сұрауға да ұялмаңыз. 

Қызықты баяндаңыз: Басыңыздан кешірген түрлі оқиғаларды қызықты баяндап үйреніңіз. Осылайша адамдар сізді ұйып тыңдайтын болады. Бастысы, өзіңізді қызықты адам екеніңізді естен шығармаңыз. 

Дереккөз: massaget.kz

Ми жұмысын қалай жақсартуға болады?
Үйде жағымды хош иіс орнату үшін қолданылатын 9 тәсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу