Иммунитетті арттыратын тағамдар

Oinet.kz 24-03-2020

Адам бойындағы иммунитеттін атқаратын жұмысы өте маңызды. Иммунитеті мықты адам кез келген ауруларға қасқая қарсы тұра алады. Жылдың барлық мезгілінде адам өз иммунитетің арттыру мақсатында барлық жұмысты атқара алады. Спортпен шұғылдану, қажетті дәрумендерді уақытылы ішу мен пайдалы өнімдерді жеу иммунитетті арттырады. Ендеше, біз сіздерге иммунитеті артыратын тағамдар тізімін көрсетеміз.

shutterstock_335916854.jpg

Табиғи бал

naturalnyy-med.jpg

Табиғи бал - күшті иммундық жүйеге қарсы күрестің негізгі құралы. Адам дені сау болу үшін күніне балды бір ас қасықпен тұтыну жеткілікті.  Егер бұл сізге өте тәтті болып көрінсе, балды шәйға қосып ішіңіз. Жаңа піскен нанға жағып жесеңізде болады. Бастысы, күнделікті тұтыну. Жәнеде бөлме температурасында тұрған сусындарға қосып ішу ұсынылады. Тым қатты ыстық сусынға қосуға болмайды, себебі құрамындағы пайдалы заттар жойылуы мүмкін.

Цитрусты өнімдер

apelsinovoe-zhele-768x512.jpg

Иммунитетті артыруда цитрусты өнімдерді тұтынц аса маңызды. Өйткені бұл өнімдердің құрамында С дәрумен мөлшері көп. Әсіресе, лимонда. Иммуностимуляциялық әсерден басқа, цитрустық жемістер жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Жаңа сығылған лимон шырыны фарингит пен ангенаға арналған.

Алма

7248603.jpg

Алманың кез келген түрі болсын иммунитетті артырады. Бұл жемістің құрамында көптеген дәрумендер мен темір өте көп. Алманы тұтыну арқылы ас қорытуды жақсартуға, токсиндер мен қалдықтарды жоюға, сонымен қатар метаболизм процестерін едәуір жеделдетуге болады.

Спаржа

main-500x350-e6e.jpg

Спаржаның құрамында В1, В2, С, Е, В9, РР дәрумендері бар. Оның басты артықшылығы - селеннің болуы, ол қартаю процесін баяулатады және мүшелерді қатерлі ісік жасушаларынан қорғайды. Сонымен қатар спаржа:

  • бүйректің толық функциясын

  • қан айналымын жақсартады

  • ішекті тазартады

  • қан қысымын төмендетеді

Сарымсақ (чеснок)

chesnok-e1533064316712.jpg

Сарымсақтың құрамында аллицин заты бар. Бұл ағзаны бактериялар мен инфекцияға қарсы нығайтады. Ғалымдардың зеріттеуінше, сарымсақты жиі тұтынған адамдар суық тию мен вирусты аурулардан аз зардап шегеді.

Теңіз өнімдері

salat-s-morskoy-kapustoy-i-moreproduktami-768x511.jpg

Теңіз өнімдерінің құрамында адам ағзасы үшін өте пайдалы заттар көп. Теңіз балығы Омега 3 майлы қышқылы, А, Е, В12 дәрумендері және де иммунитетті арттыратын көптеген пайдалы заттарға бай. 

Сүт өнімдері

kislomolochnye-produkty-e1533064311492.jpg

Күнделікті сүт, айран, йогуртты жиі тұтыну ағзадағы иммундық жүйені артырады. Тек ішер алдында жарамдылық мерзімін мұқият қарап алыңыз. Вирустық және инфекциялы аурулар тарап тұрған шақты бұл өнімдерді тұтыну аса маңызды.

Шалғам (редиска)

plody-redki-e1533064292393.jpg

Шалғамның құрамында адам ағзасы үшін пайдалы А, В, С, Е дәрумендері және басқа да көптеген қажетті заттар көп. Бұл өнімде ағзаның иммундық қорғанысын арттыратын және вирустық инфекциялардың дамуына жол бермейтін биологиялық белсенді компоненттер бар. 

Мандарин: пайдасы мен зияны
COVID-19 вирусы мен тұмауды қалай ажыратуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу