Бөлме гүлі: фиалка немесе шегіргүл

Oinet.kz 09-04-2020 7048

Фиалка бөлме гүлдері арасында танымал болып саналады. Бұл Геснерие гүл отбасының өкілі. Табиғи жағдайда фиалка Шығыс Африкада, нақтырақ оның Кенин және Танзании атаулы таулы аймақтарында кездеседі. Әрі сарқырама мен өзен жағалауларында да өседі. 

1469600489_l.jpg

Фиалканың тарихы

Фиалканы 1892 жылы Адальберт Вальтер Радлифф ле Тане фон Сен-Роль есімді әскери коммедант Узамбар округынде алғаш гүлды тауып, ашқан. Бұл округ қазірде Руанда, Танзения аймақтары. Фиалка жайлы материалды Сен-Поль Германияның бау-бақша қоғамдастығының президенті әкесіне жібереді. 

Ол гүлді ботаник Вендланқа ұсынып, 1893 жылы үлкен өсімдік өсірді. Ботаник күлгін гүлдер қатарына қосып, сол жылы болған Гента гүл көрмесінде алғаш адамдар назарына ұсынды. Солтүстік Америка елдеріне фиалка 1927 жылы келді. Сол арқылы фиалка танымал бола бастады. 1949 жылы бұл гүлдін жүздеген түрлері пайда бола бастады. Қазіргі таңда үй фиалкасының 32 мыңға жуық түрлері бар.

Фиалка гүлі жайлы қысқаша мәлімет:

1. Гүлдеуі: Фмалка жылбойына гүлдеп тұра береді

2. Жарықтандыру: Фиалканың гүдеп жайқалуы үшін жарық аса маңызды. Гүлді күн түсетін жерге 13-14 сағатқа қойып қойған жақсы. Ал қыстың күндері қосалқы жарық құралдарын пайдаланған артықтық етпейді. 

3. Температура: Фиалка 15 градус салқындықтан жоғарыласа өсуін тоқтатады. Көктем-жаз айларында орташа жылы, ал күз-қыс мезгілдерінде салқындау болғаны жөн. Өсу кезенінде 18-24 градус болғаны, ал қысқы уақытта 15 градустан төмендемегені дұрыс.

4. Фиалканы суару үшін науаны қолданған жөн. Оны 7-10 күнде бір рет суару қажет. Торлы ыдысқа салып, үстінен су құйамыз. Су толық ағып болғанын күтіп, кейін науадан алып ыдысқа салып қойыңыз. 

5. Ылғалдылығы: Фиалканың ылғалдылығы бөлме ылғалдылығымен тұспа-тұс келгені жақсы

unnamed.jpg

6. Тыңайтқыштар: Фиалкаға барлық гүлдерге арналған тыңайтқышты қолданса болады. Тек тыңайтқышты тұрақты өсімі кезде суға араластырып берген дұрыс. 

7. Зиянкестер: Фиалканың өсуін баяулатып, зиян келтіртін құрт, кене, бит секілді жәндіктер

8. Аурулар: ұнтақты көгеру, шіріктер және ақ зең

9. Фиалканың ерекшелігі:

Шегіргүл тыныштандыратын және күйзелістен арылтатын қасиетке ие. Сонымен қатар, ол ерлі-зайыптылардың бір-бірін жақсы түсінуін қамтамасыз етіп, ұрыс-керісті азайтады. Адамға әсер ету шамасы шегіргүлдің гүліне тәуелді. Мысалы, ақ гүлдер қатты сезімді жұмсартып, жүйке жүйеге түсетін жүктемені жеңілдетеді. Ал күлгін гүлдер бір-бірін түсінбейтін  және бірлікті сезінбейтін отбасы мүшелеріне жақсы келеді. Мұндай түсті шегіргүл үйдегі барлық кері энергияны жоюға көмектеседі.

«Доллар ағашы» гүлінің күтімі қандай?
Әр үйде болуы тиіс гүлдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу