Карантин кезінде сыртқа шыққанда есте сақтайтын маңызды ережелер

Oinet.kz 21-04-2020 1679

Әлемді жайлаған қауіпті пандемия әсерінен баршамыз үйде карантинде отырмыз. Бұл вирустың көптеп таралмауына көмектеседі. Қазіргі таңда елімізде де қатаң түрде карантин режимі тағайындалған. Ал кейбір елдерде біртіндеп қатаң тиымдар жасалынуда. 

prostye_pravila_prebyvaniya_na_ulitse_vo_vremya_karantina.jpg

Бірақ өкінішке орай, кейбір адамдар карантин режимін орындамай көшеде серуендеп, топтасып отырыс жасап жатқан адамдар да бар. Әрине, төрт қабырғаға қарап отыру қиын. Алайда денсаулығымыз үшін сақтануымыз қажет-ақ. Сыртқа қажеттілік болмаса шықпауға тырысқан жөн. Бірақ сыртқа шығуға қажет болған жағдайда қарапайым ережелерді есте сақтаған дұрыс.

1. Сыртқа шығатын уақытты дұрыс таңдау

Көшеге шығуға ең қолайлы уақыт – таңертең және кешкісін. Яғни, бұл уақытта көпшіліктің арасында болмауға және адамдармен қарым-қатынас орнатпауға көмектеседі. Зеріттеу барысында бұл уақытта қауіпті індетті ұстап қалу мүмкіндігі аз болатынын анықтады. Күндізгі 12-ден кешкі уақытқа дейін сыртқа шықпаған дұрыс, өйткені бұл уақытта орталықтарда көпшілік адамдар жиналады. 

2. Киімді дұрыс киіп, қорғаныс құралдарын ұмытпау

Карантин уақытында көшеге шыққанда сыртқы киім мен жеке қорғаныс құралдарына мұқият қарау қажет. Мамандардың пікірінше, вирус өршіп тұрған көшеден келген соң киімдерімізді бірден жууға беріңіз. Сондықтан, әр шыққанда қайта-қайта жууға өкінбейтін киімдерді киген дұрыс. Немесе жумасаңыз киімдерді антисептикпен тазалап, күн сәулесіне жайып қойса да болады. Вирустың күн сәулесіне өте тұрақсыз екені анық. 

Сонымен қатар, басыңызға бас киім киюді ұмытпаңыз. Себебі, бас терісі ағзадағы ең осал жер болып табылады. Ал егер бас киім киюді ұнатпасаңыз, онда үйге келген соң басыңызды жақсылап жуыңыз. Шашыңыз ұзін болса оны жаюдың қажеті жоқ, керісінше жинаған дұрыс. Вирус жайылған шашқа еніп, жел арқылы мұрынға, көзге немесе ауыз қуысына кіруі мүмкін.

3. Пәтерден шықпас  бұрын өзіңізге не керектігін мұқият ойластырыңыз

Қорғаныс құралы. Бәрімізге мәлім, қолды жиі жуып, антисептик қолдану вирусты жұқтырып алудан сақтайды. Егер сіз үйден ұзақ уақытқа шығып қол жууға мүмкіндік болмаса, онда антисептикті пайдаланыңыз.

Қорғаныс қолғабы. Бұл нағыз қорғаныс құралы болып табылады. Үйден шыққан соң міндетті түрде ескітің тұтқасын, лифт батырмасын тағы осы секілді қажетті тұстарды ұстаймыз. Тіпті, қолма-қол ақша беріп, ұялы телефон, банк корточкасын қолданамыз. Сол себепті бір ретті қолданатын қолғапт киіп жүрген дұрыс.

Эко-сумка. Егер сіз дүкенге азық-түлік алу үшін баратын болсаңыз, онда матадан тігілген сумканы өзіңізбен алғаныңыз дұрыс. Бұл сумканы қайта-қайта жууға болады. Оның үстіне дүкендегі пакеттер мен тележкаларды сізге дейін қандай адам ұстағаны белгісіз. 

Төлқұжат. Бұл карантин кезіндегі басты құжат болып табылады. Сондықтан мұны алуды ұмытпаңыз.

Что нужно делать, чтобы не заразиться.jpg

Вирусты жұқтырмас үшін не істеу қажет?

1. Бастысы әрқашанда қолыңызды қайда екеніне және тазалығына мән берген дұрыс. Әркез қолыңызды тазартқышпен тазалаңыз. Лифтке кірідіңіз ба - тазалаңыз, батырманы батыңыз ба - тазалаңыз, есікті аштыңыз ба – тазалаңыз. Егер антисептик болмаса шынтағыңызбен жасаңыз. 

2. Екінші басты қағида – қолыңызбен бетіңізді ұстамаңыз. Біз әрқашан бетімізді қайта-қайта ұстай береміз. Статистиканың мәліметінше, адам күніне өз бетін 90 рет ұстайтын көрінеді. Адаммен амандасқан соң бетіңізді ұстаудан аулақ болыңыз. Кім білсін, ол адам ауру шығар. 

3. Көпшілік ортада міндетті түрде бетперде тағып жүріңіз. Бетперде тек вирустан сақтап қана қоймай, бетінді қолыңмен ұстауға кедергі келтіреді. Өйткені, ол ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. 

4. Әлеуметтік қашықтық. Өзгелерден 1,5-2 метр қашықтықта тұрыңыз. Бұл қиын емес және өміріңізді соншалықты өзгертпейді. Алайда бұл карантин кезіндегі ең тиімді ереже болып табылады.

Осы 4 қағиданы тұрақты түрде мұқият орындасаңыз ешқандайда вирусты жұқтырып алмайсыз. Бастысы, жан-жағыңыздағы адамдардан қорықпаңыз. Егер барша адамдар осы ережелерді мұқият орындаса коронавирус тоқтап, карантин бітіп, баяғыша жайбарақат өмірге ауысатын едік. 

Таңертең жасайтын денсаулыққа зиянды әдеттер
Е дәрумені (токоферол): пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу