Таңертең жасайтын денсаулыққа зиянды әдеттер

Oinet.kz 21-04-2020 1621

Таңғы уақыт – жаңа күніміздің бастауы. Бұл сәт жақсы өтсе, демек күнұзағына көңілді әрі жайдарлы жүретіңіміз анық. Алайда күнделікті қарапайым әдеттер жасау арқылы денсаулығымызға зиян келтіруіміз ғажап емес. Бұл қандай әдеттер? Сіз де осы әдетті жасайсыз ба?

utrennie_privychki_ot_kotorykh_stoit_otkazatsya.jpg

1. Жандандыратын душтан бас тарту

Таңертеңгі қабылдаған душ денсаулығымызға пайдалы екенін жақсы білеміз. Бұл тек күніміздің жақсы өтуіне немесе жұмыс күшіміздің жоғары дәрежеде болатынына ғана пайдасын тигізбей, сонымен қатар теріні ылғалдандырады. Әрі ағзадағы зат алмасуын реттеп, иммунитетті нығайтады. Әрине, салқындау душ қабылдаған жөн. Ыстық душ адамды басып, ұйқысын ашуына кедергі келтіріп қайта ұйықтауға «жетелейді». 

2. Кофе және темекі шегу

Кофе мен темекінін қашанда зиянды екенін жақсы білеміз. Алайда таңертеңгілік қолдану ең қауіпті сәт болып саналады. Бұл асқазан жарасын тудырып, жүрек және қан-тамыр ауруларына себеп болып, қандағы холестерин мөлшерін арттырады. Егер сіз кофеден бас тарта алмасаңыз онда бесіндікте ішіңіз. Ал таңертең лимон қосылған су немесе таза судың өзін ішу денсаулыққа өте пайдалы. 

3. Таңғы астан бас тарту

Көбіне адамдар кеш тұрып жұмысқа асығып тамақ жеуді кейінге қалдырады немесе дайын тұрған тамақтан бас тартады. Көбіне адамдар таңертең тәбетім болмай жатыр деген сынды сылтаулар айтып, тамақтанбайды. Негізі кешкі асты ұйықтар алдынан 4  сағат бұрын жеген дұрыс. Сонда таңертең тәбеті пайда болады. Таңғы ас күніміздің негізгі қуаттаушы бөлігі. Ас энергиямызды арттырып, жұмысқа қабілеттілікті нығайтады. Ғалымдар ұйқыдан оянған соң 30-40 минуттан кейін таңғы ас ішуді ұсынады. Өйткені бұл уақытта дене толықтай жұмыс істеуге кіріседі. 

4. Таңғы тәттілер

Әрине, варенье қосылған блинчик пен тәтті бәліштер дәмді болып келеді. Алайда бұл тағамдарды таңертең жеу дұрыс емес. Олар көптеген қарапайым ақуыздарды бөліп шығарады. Әрі қандағы глюкоза мөлшерін бірден арттырып жіберуі мүмкін. Осының арқасында адам өзің тоқ сезініп, арадан көп уақыт өтпей қайта ашығуды сезінеді де тәтті немесе  фастфуд тағамдарын жей бастайды. Нәтижесінде, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына және эндокриндік ауруларға соқтырады.

5. Киімді ұзақ таңдау

Йя, бәріміз таңертең не киерімізді білмей дал болып, ұзақ таңдаймыз. Сонын салдарынан жұмысқа кешігіп, ескерту алып, тіпті жұмыссыз қалуымызда ғажап емес. Сол себепті таңертең киетін киімімізді түнде дайындап қойғанымыз дұрыс.

6. Шұғыл тұру

Төсектен бірден шұғыл тұру денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді. Бұл бас айналуына, көздің қарауытуына және жүрек соғысының қызметін нашарлатады. Әрі оятқыштың қатты дауысы жүйке жүйеге теріс әсерін тигізеді. Ал бұл көңіл-күйді бұзып, күнұзағына көңілсіз жүрудің себебі болып табылады. Сондықтан таңертең ақырын тұрып, жақсы көңіл-күй қалыптастырып, күніңізді сәтті бастаңыз.

7. Таңғы жаңалықтарды оқу

Бәріне мәлім, көп адамдар ұйқыдан ояна салып таңғы жаңалықтарды қарауға кіріседі. Кейбір жаңалықтар негатив орнатып, позитивті көңіл-күйді бұзуы мүмкін. Әрі стресс дәрежесін арттырады.  Сондықтан жаңалықты түскі уақытта оқыған дұрыс. 

8. Әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқу

Бұл күнделікті бәріміз жасайтын әдет. Ұйқыдан ояна сала хабарламаларды оқуға кірісеміз. Ғалымдардың айтуынша, бұл ең қауіпті әдет болып саналады екен. Жұмыс күнінде өзің жайсыз сезінуге әкеп соқтырады. Әлеуметтік желіге бөлінген уақыттың орнына таңғы жаттығу немесе әсем әуен тыңдап, жақындарыңызға жақсы көңіл-күй сыйлаңыз. 

Үй жағдайында іш қатудың емдеу жолдары
Карантин кезінде сыртқа шыққанда есте сақтайтын маңызды ережелер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу