Мектеп жасындағы балалар қалай тамақтануы керек?

Oinet.kz 20-05-2020 2664

Тамақтану және денсаулық өзара тығыз байланысты. Адамның еңбекке жарамдылығы, оның көңіл-күйі тамақтануға байланысты. Мектеп жылдары оқушылар үлкен жүктемелерді бастан кешіреді, бірақ оған қоса олардың бойы өсіп, денесі қалыптасады, жасөспірімдік кезеңде – гармондық құрылысы өзгереді.

906ca16fb04736904e47a938ef70a04a.jpg

Балалардың тамақтануын ұйымдастыру мұқият әрі сауатты ойлауды талап етеді. Тамақтану ұтымды болуы тиіс, яғни: мөлшері тұрғысынан жеткілікті (ағзаның қуат шығындарын жабуы тиіс), сапалы, уақыт бойынша дұрыс жоспарлануы тиіс.

Баланың тағамында барлық негізгі қоректік заттар – ақуыз, майлар және көмірсулар болуы тиіс, сондай-ақ витаминдер мен минералдардың мөлшері жеткілікті болуы тиіс. Орташа есеппен мектеп жасындағы бала күнделікті ақуыздың 90-100г, оның ішінде тағам құрамының аса құнды бөлігі болып табылатын кемінде 50% - жануар ақуызын (ет, балық, құс, жұмыртқа, ірімшік) алуы тиіс, өйткені онда ағза үшін қажетті амин қышқылдары болады. Майлар, керісінше, өсімдік майынан қарағанда пайдалы – олар кемінде 30% құрауы тиіс. Олардың құрамында сіңген майлы қышқылдар мен май ерітінді дәрумендер болады.

Тамақтанудың негізгі бөлігі – көмірсулар болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді – қарапайым (қант, тәттілер) және жасушасы, өсімдік ұлпалары бар аса құнды күрделі (жарма, көкөніс, жеміс).

Тамақтағы дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі бірқатар аурулардың қалыптасуына әкеліп соғады. Мысалы, темірдің жеткіліксіз түсуі немесе игерілуі темір тапшылығы анемиясының, йодтың, эндемиялық кретинизмнің туындауына әкеледі.

Тамақ ішу интервалы 4 сағаттан аспауы тиіс, соңғы асты ұйықтар алдында 2-2,5 сағат бұрын қабылдау қажет. Тамақты күніне кемінде 4-6 рет қабылдаған жөн, оның ішінде кемінде 3 рет (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) ыстық тамақты пайалану керек. Балалар көбінесе мектепте болғандықтан оларға міндетті түрде ол жерде ыстық тамақ ұйымдастырылуы тиіс.

Кератин: пайдасы мен зияны
Семіздік және арылу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу