Өт жолдарын қалай тазалауға болады?

Oinet.kz 29-08-2020 1510

Өт — сарғыш-қоңыр, дәмі ашқылтым, қою сұйықтық. Өт бауырда түзіліп, одан кейін өт шығарғыш өзек арқылы өт қабына келіп құйылады. Өт қабынан  ағза қажет етсе,  ең негізгі өт шығарғыш өзек арқылы  он екі елі ішекке келіп құйылады. Ас қорыту кезінде өттің атқаратын қызметі орасан зор. Ол қоректік заттардың құрамындағы майларды ыдыратады. Өттің әсерінен ферменттердің қатысуымен ас қорыту процесі жүреді. Тағамдарды ақуыз көмірсуна және майларды май қышқылдарына дейін ыдыратады. Бауырдан бөлінген өтпен бірге ағзаға қажеті жоқ және зиянды химиялық заттар сыртқа шығады.

1520328238_04-008.jpg

Өт қызметінің бұзылуы, өт қабында өттің қоюлануы асқазан ішек жолдарын ғана емес, сонымен қатар басқа да ағзалар мен жүйелерді зақымдайды. Адам ағзасы толыққанды дәрумендер мен микроэлементтерді ала алмайды, соның әсерінен түрлі шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық және т.б симптомдары байқалуы мүмкін.

Өт жолдарын тазалау – өттің қоюлануын болдырмау үшін, өт қабында тастардың түзілмеуі үшін қажет. Ол өт сұйықтығының жылжыуына әсер етіп, ағзаның бірқалыпты жағдайда ұстап тұруына әсер етеді. Қазіргі кезде дәрі дәрмектердің және халық емінің көмегімен өт жолын тазалауда  қолданылатын  көптеген әдістер бар, бірақ өт жолын тазалауда қолдануға болатын  және қолдануға болмайтын  қарсы көрсетілімдері бар екенін ескерген жөн.

Қандай жағдайда қолданған дұрыс?

 Негізгі көрсетілімдері: 

  • Өт қабының дискинезиясы;

  • Антибиотиктерді, сульфаниламид, жансыздантыратын препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда;

  • Дұрыс тамақтанбау кезінде;

  • Өт қабының қабынуы кезінде;

  • Ағзаның улануы кезінде;

  • -Бір орнында қимылсыз ұзақ отырған уақытта;

  • Гепатиттердің әр түрлі формаларында;

  • Билиарлы жүйенің қызметінің бұзылысы кезінде.

Өт жолдарын тазалау барыснда дәрігердің кеңесін алған жөн. Тазалаудан бұрын кейбір ауруларды емдеп , оның асқынуын алдын алуы қажет.

Бауыр және өт қызметінің бұзылысының симптомдарына тоқталсақ:

  • Оң жақ қабырғаастының ауырсынуы;

  • метеоризм;

  • үлкен дәреттің жүрмеуі;

  • тәбеттің болмауы;

  • ауызға қышқыл дәмнің келуі және кекірік;

  • әр түрлі деңгейдегі аллергия;

  • әлсіздік, шаршағыштық;

Бұл көрсетілімдер де өт жолдарын тазалауды талап етеді. Егерде өт қабында көптеген ұсақ тастар болса немесе үлкен конкроменттер болса процедура жүргізілмейді, себебі, өт жолын жауып, қабырғаларын зақымдайды Сонымен қатар науқас қатты ауырсыну сезімін сезуі мумкін.

  • Сонымен қатар өт жолдарын тазалау;

  • асқазан ішек жолдарының асқынуы кезінде, екіқабат кезінде сүт емізілу кезінде, адам ағзасында паразиттер болғанда;

  • операциядан кейін;

  • жүрек қантамыр жүйесі аурулары кезінде;

  • психикалық аурулары бар кезде жүргізілмейді .

Өт тазалау жолдары кезінде дайындықты ішекті тазалаудан бастау керек, себебі, ішектерді токсиндерден тазалау  ағзаға қажетті  макро және микроэлементтерді сіңіруге жағдай жасайды, сонымен қатар қатаң түрде диета сақтау керек .Бауыр және өт қызметінің бұзылыстары кезінде гепатопротекторлар гептрал, эссенциале, карсил т б сияқты дәрілерді қолдануға болады .

Диета

Бауыр қызметіне қысым түспеу үшін және метеоризм болмау үшін жеңіл тағамдарды пайдаланған жөн. Көбінесе кашаларды, сорпаларды, қаймақтарды жеген пайдалы. Алкогольден, майлы және қуырылған тамақтардан ада болыңыз.

Сонымен қатар дәстүрлі өт тазалаудың жолы өт айдайтын препараттар – Аллохол, Никодин қолданылады . Тағы да айтамыз, ең бірінші дәрігердің қабылдауынан өтіп барып, кеңес алғаныңыз дұрыс болады.

Дереккөз: Ikerim.kz  

Өт жолдарын емдеу
Бронхит. пайда болу себептері мен аурудың алдын алу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу