Аяқ тершеңдігінен арылуға арналған кеңестер
Қыс келіп, қар жауғаннан кейін көптеген адам аяғының су болғанынан шаршайды.
Қандай жағдайда аяқ киімдер су болады?
Біріншіден, кейбір сапасыз аяқ киімдерден су өтеді. Мұндай аяқ киімдерді етікшіге барып, қалыңдатып, табан салдырып, тіккізіп киген тиімді.
Екіншіден, біреулердің аяғы тершең болып келеді.
Аяқтың тершеңдігінен қалай құтылуға болады?
1. Бір шай қасық ас содасы мен тұзды 1 стақан жылы суға араластырып, аяқты таңертең, кешке: екі мезгіл жуып, соңынан таза сумен шайып, таза сүлгімен құрғатып сүрту керек. Сондай-ақ ас содасы ерітіндісіне батырылған дәкені башпайлардың арасына салып қою да жақсы нәтиже береді.
2. Таңертең бор қышқылын аяққа сеуіп алып, күнімен шұлық киіп, кешке жуып тастау керек.
3. Стеарин ұнтағын да осы тәсілмен пайдаланған жөн.
4. Аяқты сабындап жуып, алма сіркесуы шыланған сүлгімен мұқият сүрту керек.
Ұсынылған кеңестің өзіңізге қолайлысын таңдап, 1–2 аптадай ерінбей жасап көріңіз.