Күлкіні сөмкеңде арқалап жүр

Oinet.kz 16-08-2019 1028

d8689364b82885cb03458bc7c4802389.jpg

Кейбір адамдар жандары жайдары болса да, түсі суық келеді. Үнемі күліп жүру қиынға түссе, де позитивті адамдар магнит секілді тартып тұрады емес пе? Сондықтан позитивтілікке ұмтылу қажет, ол өміріңізді ұзартады. Өмірден ләззат ала біліңіз.

Позитивті адамдар күннен позитивті жаңалық жасамайды, оны өзі жасайды.

Позитивті адамдар әлемнің жақсы, көңілді күйде болуына үнемі ат салысып жүреді. Олар жақы жаңалықты өмірден емес, өзінен күтеді. Тіпті өмірлеріндегі ең көңілсіз күндерінде өздерін-өздері көңілдендіреді.

Позитивті адамдар артық ауыртпалықтардан тез арылады. Оның себебі олардың барлық нәрсеге позитивті икемделуінде. Барлық нәрсенің жақсы тұстарын іздеп, үнемі ізгі ниетте болуында.

«Рақмет» позитивті адамның екінші аты.

Көңілді адамдар кез келген ұсақ-түйекке рақмет айтқыш келеді. Адам рақмет арқылы өзінің де өзгенің де көңіл күйін, маңыздылығын арттырады екен.

Позитивті адамдар өзіне шектеуден гөрі мақсатты көбірек қоятын көрінеді. Мәселен олар кез келген істі бастағанда тек бір нұсқамен бастайды. «Мен істей аламын», «Бұл менің арманым» Ешқашан «егер» сөзін қолданбайды.

Әрине, позитивті адамдар үнемі күлімдеп жүреді.

Адамдардың барлығы дерлік күлген кезде жақсы адамға ұқсайды. Біз күлімдеп тұрған адамдарға көбірек сенеміз, себебі жүзі жайдарлы жан өтірікті де көп айта қоймайды.

Адамдармен көп араласады.

Позитивтілер көп адаммен араласып қана қоймай, бәрімен дос та бола біледі. Оның себебі тіпті жаман адамдар да күліп жүретін адамдарға жақсы қарайды екен. 

Көріп тұрғаныңыздай позитивті адам болу өте оңай. Тек өзіңізбен жақсылап жұмыс жасасаңыз болғаны. Күлімдеп жүріңіз! ツ 

Ең еріншек адамдарға арналған жаттығулар (тіпті орнына тұрудың да қажеті жоқ)
Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (1)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу