Жүкті әйел нені білуі керек?

Oinet.kz 20-08-2019 9036


Screenshot_33.jpgӘрбір ата-ананың арманы – сәби сүю, соңына шаңырағын құлатпай, әулетін жалғастыратын, өлгенінде өзіне Құран бағыштайтын ұрпақ қалдыру. Қасиетті Құран Кәрімде («Шура» сүресі, 49-50): «Алла қалаған пендесіне қыз береді, қалаған пендесіне ұл береді. Қалаған пендесіне ұлды да, қызды да нәсіп етеді. Сондай-ақ қалаған пендесін бедеу қылады» (тырнағына да зар етіп қояды) – деп айтылған. Яғни, сәби сүю – Аллаһ Тағаланың сыйы, Жаратқан Иеміздің өз қалауымен ғана берілетін осынау ұлы нығметті лайық көргені.
 Екіқабат әйелдің ұл немесе қыз баланы тууы Аллаһтың бұйрығымен. Алайда халық арасында әйел екіқабат болар кезде сәбиінің жынысына әртүрлі емдік диеталар арқылы әсер ете алады деген де қызық бір түсінік, тәжірибе, ақыл-кеңестер бар. Солардың бірі «Ақбосаға» газетінің 2003 жылғы желтоқсан айындағы он екінші нөмірінде жарияланған екен, біз енді оған назар аударсақ.
«Қажетті» жынысты бала көтерудің арнайы диетасын кем дегенде 3 апта бұрын қолға алған жөн.

 Қыз сүйгіңіз келсе:
Шай, кофе, шоколоад, какао, минералды су іші- ңіз, ет пен балықты ас мәзірінде аздап қана қолданыңыз. Керісінше, жұмыртқаны қалауыңызша жей беріңіз, ашытылмаған ұн тағамдарын пайдаланған жөн. Ал көкөністерден баклажан, қызылша, сәбіз, қияр, қалампыр, жасыл бұршақ; жеміс жидектен: қара өрік, өрік, банан, шие мен апельсиннен өзгесін қысылмай жеңіз. Жаңғақ (тұздалмаған), қант, бал, тосап, шоколадтан, жалпы тәтті тағамдардан бас тартпаңыз. Өйткені, қыздардың тәттіні ұнататыны айдан анық қой.

  Ұлды болғыңыз келсе:
 Шай, сыра, содалы минералды су, жеміс-жидек шырынын ішіңіз. Әсіресе, банан мен шиені көп жегеніңіз дұрыс. Сонымен бірге, кептірілген жеміс-жидектен қара өрік пен өрікті молынан пайдаланыңыз. Ащыдан қашпаңыз, картоп пен ашытылған ұн тағамдарын шектен тыс пайдалансаңыз да болады. Отфрид Хатцольд атты де-мографтың айтуынша, овуляция күні (ағзадағы) немесе сәл кейіндеу ұл туылуға, ал одан бұрынырақ – қыздың дүниеге келуіне қолайлы кезең». Әрине, мұның бәрі болжам, халық тәжірибесінен туындаған ой-пікір, ақыл-кеңестер. Оның 100 пайыз ақиқатқа айналатынына ешкім де кепілдік бере алмайды.
 Жүктіліктің үш кезеңі:
Дәрігерлер жүктілікті үш тоқсанға бөліп қарастыра-ды. Мұны жүктілік мезгілінің бастапқы 13 аптасы – алғашқы кезең, 14-26 апталар – орта кезең, 27 аптадан босанғанға дейін – соңғы кезең деп түсіндіретін де мамандар бар. Біз енді жүктіліктің үш тоқсанындағы жағдайларға тоқталайық. Бұл болжамдар медициналық зерттеулерге негізделіп жазылып отыр. 

Бірінші тоқсанда (16 аптаға дейін):
Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде іштегі нәрестенің көрер жарығының бар-жоғы шешіледі екен. Нақтырақ айтсақ, ол 6 аптаға дейінгі эмбрион. Жүктіліктің осынау алғашқы сатысында денсаулыққа, түрлі жағдайларға байланысты түсік тастау қаупі бар. Іштегі ұрық тек 7-8 аптада ғана жетіліп, адам кейпіне келеді де, осы уақытта жиырыла бастайды. Ал 13 аптада 30 грамдай ғана болатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады, 12-14 аптаға қарағанда саусағын сорып, кіндігімен ойнап, айнала алатын көрінеді. Мінеки, осы кезде іштегі шарананың жынысы да білінеді. Бұл кезде жүкті әйелдің жылы киініп, ауыр заттарды көтермей, ашу-ызаға берілмей, күтінгені жөн. Кең киімдерді кию де осы кезеңде басталады.
 Екінші тоқсанда (16-28 апта):
Осы уақытта баланың кейбір мүшелері жұмыс істей бастайтындықтан, ол әйелге салмақ түсіреді. Шешесінің ауруы бар болса оның іштегі нәрестеге де көшетіні белгілі. Қазіргі медицина ғылымының дәлелдеуінше, бала өмірінің алғашқы он бес жылындағы қандай да болмасын сырқаты жатырда алған ауру белгілері. 
Болашақ ұрпағының тағдырын ойлаған ана бала көтермес бұрын, бір жыл, жарты жылдан кейін ғана бала көтеруді жоспарлап, оған дейін жан-жақты емделіп алғаны дұрыс.

 Екінші тоқсанда шешесіндегі аурулардың жатырдағы нәрестеге берілген, берілмегенін дәрігерлер анықтай алады. Дәрігерлердің ескертуі бойынша, жүкті әйелге қауіпті кезең – 28 апта. Бұл кезеңде бала тез өсіп, 16 аптада дәм сезу қабілеті қалыптасып, шарана жанындағы судың (околоплодная вода) дәмін де сезетін болып шықты. Егерде шешесі қышқыл тағам, ащы жеміс-жидек жесе, мұрынын тыжырайтып, тәтті жесе жайланып, қуанатын көрінеді. Іште бала біткенін анасы көбінесе 4-5 айдан соң сезеді екен. 

Орта кезең ана мен балаға жайлы. Бұл мезгілде 1000 грамға дейін салмақ тартатын нәрестенің кірпік, қас, тырнағы да өседі, тыныс алу, жыныстық мүшесі дами бастайды.
 Үшінші тоқсанда:
Іштегі баланың салмағы артады, қозғалысы жиілейді. Шешесі қатты қапаланса, жүйкесі тозса нәрестенің қозғалысы сирейді. Био-ырғақ, магниттік тербеліс арқылы анасының көңіл-күйі сәбиіне беріліп отырады. Олай болса, бұл кезде аналар көп шаршамауға, қайғы-мұңға берілмеуге, қиналмауға тиіс. Мамандардың болжамынша, іштегі нәресте 7,5 айлығында ата-анасының дауысын ажырата алады, өлең мен әуенді есте сақтайтындай жағдайда болады. Нәресте жарыққа шығуына екі аптадай уақыт қалғанда туылар кезгі жатысына түседі, анасының жамбас сүйегіне тіреліңкіреп тұрады.
  Жүктілік кезіндегі салт-дәстүр:

 Құрсақ шашу -  жас келін екіқабат болға-нында оны жеңгелері, абысын-ажындары біліп, қуанышты хабарды ата-енесіне білдіреді, осы кезде олар арнайы түрде құрсақ тойын жасайды. Оны кей жерлерде «құрсақ шашу» деп те атайды. Тойға жиналған әйелдер шашу шашып, дастарханды түрлі тәтті тағамдарға толтырып, жүкті әйелге жақсы тілектер, ақыл-кеңестер айтады. Ұлттық ғұрып бойынша, әйелдер жүкті әйелді «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжесі бар» деп тұспалдап білдіреді. 
   Жерік асын жегізу:

 Бойына бала біткен жас келіншек тамақ ішсе болды, ол сіңбей, құса береді. Сол тұста жүкті әйелдің әлдеқандай тағамға аңсары ауып, есіл-дерті соны жеу болады. Қазақта қасқырдың, жолбарыстың жүрегіне де жерік болған, кейін батырларды туған аналар өмір сүрген. Естеріңізде болар, «Алпамыс» батыр дастанында: «Бәйбіше келді алаңдап, Жас бөріше жалаңдап, Жерігі қанбай сандалды», - деген жыр жолдарының бары. Жүкті әйел бір дәмге жерік болып қалса үй іші, туған-туысы, көрші-көлемі оны туып беруге тиіс. Ал әйелдің жерігі қанбаса, басы айналып құса береді. Халқымыз мұны «ит жерік» деп атаған. Негізінен, «Жерік асын жемеген анадан жетелі бала тумайды» (С.Мырзаке). Ана жерігін басу іштегі сәби үшін де өте пайдалы. 
Жеріктік бұрын гастрит тәрізді асқазан ауруына шал- дыққандарда көп кездеседі екен. Балаға не қажет, анасы да соны жегісі келіп тұрады. Бұл қандай да бір дәрумендердің жетіспеушілігінен көрінеді. «Жерік ас» қажеттілігі ана асқазанының қабілетіне қарай, қышқылы аз ба, көп пе, соған байланысты, - дейді мамандар. 
 Халқымыз іштегі баланың дені сау туып, жақсы азамат болып өсуі үшін жүкті әйелді тәрбиелеуге айрық-ша көңіл бөлген. Бұл жөнін- де жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазады: «Мысалы, «Қарағым, биік тауға қара-көңілің өседі, көңілің өссе немеремнің өресі биік болады, жазық далаға қара – жан сарайың кеңиді, сонда немерем кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жай-наған гүлге қара – сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш – бала қайырым-ды болады», - деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап... бау- лыған». 
 Дәрігер бақылауында болу
Тіркелсін, тіркелмесін, жүкті әйел тұратын жеріндегі аумақтық емханаға есепке алынуға тиісті. Яғни, жергілікті (учаскелік) дәрігерге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұруы қажет. Арнайы сараптама (анализ), тестер арқылы шарананың даму барысы анықталып тұрады. 
  Ультрадыбыстық зерттеу:

Оны қысқаша УЗИ деп атай береді. Жүктіліктің белгілі бір кезеңінде дәрігерлердің ұйғарымымен балаға үш рет ультрадыбыстық зерттеу жүргізсе, ол жеткілікті деп саналады. Зиянсыз деп танылғанымен, керексіз, жөн-жосықсыз мұндай зерттеулерді жасата бермеу қажет. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде зерттеуден 1 сағат бұрын 0,7-1,0 литр шамасында таза су ішеді, соңғы екі кезеңде бұлай жасау керек емес. Жүктіліктің екінші кезеңінен бастап баланың жынысын, қозғалысын анық бақылауға мүмкіндік туады. Бұл кезде УЗИ-ге жұбайлардың бірге баруына болады. Құрсақтағы сәбидің теріс жатуы Іштегі нәрестенің қиғаш, көлденең жатуы, табиғи формада – басымен тік жатуы жатырдың ішкі қысымына байланысты екен. Анасы бұған дейін жасанды түсік жасатса, жыныс мүшесі ісік ауруымен сырқаттанса, іштегі бала қалыпты жағдай-да жатпайды. Анасындағы қаны аздық, оның жұқпалы ауруларға шалдығуы да, тіпті тұмауратуы да құрсақтағы сәбидің теріс жатуына өз әсерін тигізеді.
  Жүкті әйелдің есінде болатын жағдайлар: 

Қанның резус – факторының әсері Резус-фактор – қандағы белоктардың бірі. Ол 85 пайыз еркектер мен әйелдердің қанында болады. Оны оң-резус қан дейді. Егерде қанда бұл белок жоқ болса, ол қанды – теріс-резус қан деп атайды. Бұл адамдардың 15 пайызына тән жағдай.
Қаны оң-резус әйел оң-резусты да, теріс-резусты да еркектен бала көтере алады. Егерде теріс-резус қанды әйел оң-резус қанды еркектен бала көтерсе, әйелдерде резус-антидене түзіледі де, түсік тастау қаупі күшейеді. Теріс-резус қанды әйелдердің алғашқы баласына жасанды түсік (аборт) жасатуына болмайды. Олай жасаса, кейін бала көтермей қалуы мүмкін. Және де теріс-резусты әйел бала көтергенінде резус-жанжалдың алдын алу үшін белгілі ем қабылдауға тиіс.
   Жатырдан тыс жүктілік:

 Жатырдан тыс жүктілік – сирек кездесетін (100 ана-ның екеуінде ғана болатын), қауіптілігі толғақтан 10 есе, жасанды түсік жасатудан 50 еседей ауыр болатын құбылыс. Жатырдан тыс жүктілік тұқым қуаламайды. Негізінен, ұрықталған жұмыртқа тіні бір себептермен жатырға жете алмай қалады да, жатыр түтікшесінде орнығады, тірі қалу үшін оған дендеп енеді, сирек жағдайда жатыр мойнына, аналық безге бекітіледі, жатыр түтікшесі кейін жүктілікті көтере алмайды. Сол себепті күдікті жағдайда дереу дәрігерге барып көріну қажет. 
Аяғы ауырға – тамақтың тәуірі. Әр адамға күніне 2000 калория қажет болса, жүкті әйелге 2500-2800 калория қажет. Жүктіліктің алғаш-қы кезеңінен-ақ әйелдер өз ағзасы талап еткен, қалаған асын жеуге, құнарлы тамақтарды, әсіресе, айран, сүт, сүзбе тәрізді ақты, дәнді дақылдарды, ет, балық, теңіз өнімдерін мол пайда-ланғаны абзал. Аз-аздап жиі тамақтансын. Жеміс-жидектердің түріне емес, нәріне көңіл бөлу керек. Көктемде жаңа шыққан көкөністерді жеп, өткен жылғы картоп, асқабақ тәрізді көкөністерден бас тартқан жөн. Өте майлы, өте ащы асты, консервантты дайын тамақтарды, кофе, кола, тәттіні көп тұтынуға болмайды. Темекі тартпақ түгілі, шылым шегушілердің жанына да жақындамауға, арақ-шарап ішпеуге тиіс. 
  Дәрі-дәрмек, дәрумендерді пайдалану:

Жүкті әйелдердің бәріне бірдей кальций беруге болмайды. Әр әйелдің өз ерекшелігі бар. Дәрі-дәрмек ішерде сол ескерілсін. Кальцийдің ағзадағы артықшылығынан жаңа туылған балалардың кө- бісінің еңбегі туғаннан жабық немесе өте кішкентай болып туылған жағдайлар өмірде жиі кездеседі. Қалыпты жағдайда жас нәрестенің еңбегі 1 жасқа келгенде ғана жабылады, бұл мидың дамуына қажетті шарт. Жүкті әйелдің емдеуші дәрігер-дің рұхсатынсыз кез-келген дәріні, денеге жағатын майды өз бетінше қолдануы қауіпті. Токсикоз және гестоз Дәрігерлердің пайым- дауынша, токсикоз психо- логиялық жағдаймен ты-ғыз байланысты. Жүкті әйел тамаққа қарай алмаса, құса берсе, жиіркенуі, лоқсуы арта берсе ауруханада жатып ем қабылдайды. Кейбір жүкті әйелдер адамдардың да- уысына, түріне, теледи-дарға, музыкаға, кейде күйеуіне де қарай алмай лоқсиды. Жүктіліктің соң- ғы кезінде қол-аяқтың ісінуі, салмақтың артуы мүмкін. Бұл – гестоздық жағдай. Мұндайда қан қысымының жоғарылауы қауіпті. Сол себепті токсикоз, гестоз жағдайында жүкті әйелдердің дәрігер-лердің бақылауында бол-ғаны жақсы. Екіқабат әйелдің киімі Жүктіліктің бесінші айында киім тарыла бастайды. Сол кезде жақсы сезіну үшін кең, жарасымды, арнайы киім киген қолайлы. Жүкті әйелдерге дәрігерлер синтетикалық бұйымдар мен киімдерді кимеуге кеңес береді. Және де аяқ киімі биік өкшелі болмасын, оның жайлы, жайдақ болып келуі қауіпсіз, ыңғайлы.
  Жүкті әйел жаттығулары:

 Екіқабат кезінде әйелдердің түк қимылдамай жатып алғаны дұрыс емес. Жүктіліктің әр кезеңіне байланысты орындайтын жеке жаттығулар бар. Оны жасап тұру босануды жеңілдетеді. Ал еш әрекетсіз жатып алған жүкті әйел-дердің толғағы ұзағырақ болады. Қалаларда жүкті әйелдерге арналған жаттығу курстары ұйымдастырылған. Соған жазылып, ең құрығанда оған бір ап-та қатысып, әлгі жаттығуларды үйреніп алудың пайдасы зор.

 Жүкті әйелдің салмақ қосуы :

Мамандардың түсіндіруінше, екіқабат әйел босанғанша жалпы 10-12 кг салмақ қосады. Оның ішінде сәбидің өз салмағы – 3,5 кг болса, жолдасы – 0, 675 кг, ұрық жанындағы су – 0,8 кг, жатырдың үл-кейгендегі салмағы – 0,9 кг, ананың ішкіклеткалық сұйықтығы – 1,4 кг, ананың майлы түйіршігі (клетчаткасы) – 3,25 кг болады (шамамен).

Жаңа басталған қарым-қатынастың 5 тосқауылы
Таңертең 4-те оянсаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу