Таңертеңгі уақытты қалай өнімді етуге болады?

Oinet.kz 07-10-2019 1071

продуктивное-утро

Таңіртең оянған сәттен бастап сіз тағы бір қызу жұмыс күні процессіне кірісіп кетесіз. Бұл қаншалықты дұрыс?

продуктивное-утро

  • Ең алдымен қажетінен 1 сағат ерте ояныңыз. Таңертеңгі уақыт сіздің өміріңіздегі ең маңызды және ең өнімді уақыт болмақ. Сіз бірге өмір сүретін адамдардан 1 сағат ерте тұру арқылы сіз тыныштықты медитациямен айналыса аласыз. Өз-өзіңізбен оңаша қалуға, толыққанды тамақтануға, жұмыс күнін жоспарлауға мүмкіндігіңіз болады. Егер сіз кеш тұрсаңыз, сіздің ойыңыз түбегейлі "қалай жұмысқа уақытында жетемін, не жесем болады, не сылтау айтсам болады" деген ойлардан босамайды. Сіз өзіңізді негативке итермелейсіз.

    планирование-времени

  • Есіңізде болсын күн қалай басталса, кешке дейін солай жалғасатын болады.

    продуктивное-утро

  • Таңертең тамақтаныңыз, аш асқазан сіз үшін жұмыс істеуден бас тартары анық. Ол үнемі ойыңызды бөліп, сізге кедергі жасаумен болады.

  • Ертеңгі таңға, бүгінгі кештен әзірленіңіз. Өзіңізді ертеңгі жұмыстарыңызға, жоспарларыңызға бүгіннен дайындаңыз. Өзіңізге таңертең 6-да тұрамын деген талап қойсаңыз, сіз сол сағатта тұрасыз.

  • Таңертең ыстық жерде отырмаңыз. Статистика бойынша таңертең дене бөлме температурасында отырса ол анағұрлым сергек болады. Ал ыстық жер денеңізді әлсіретіп, ұйқыға алып кетеді.

  • Таңертең жұмысыңызға 1,2 аялдама бұрын түсіп, жаяу барыңыз. Жаяу жүру арқылы сіз жұмысыңызға бірте-бірте енесіз. Яғни миыңызға бірден үлкен ауыртпашылық салмай, алдын-ала дайындаласыз.

  • Күніңізді үйреншікті нәрседен бастаңыз. Мәселен су ішуден, күнделік жазудан, киім үтіктеуден. Күнделікті өзіңіздің күніңіздің бастауын табу арқылы сіздің уақытыңыз үнемделеді.

  • Күнделікті бір уақытта тамақтанып үйреніңіз. Мәселен күнде сағат 12 де тамақтанып үйренсеңіз, сіз 1 аптадан кейін дәл сол уақытта қарныңыз ашығатынын байқайсыз. Біздің ағзамыз тез үйренеді, ерте оянуға да, уақытылы тамақтануға да.

Қызылшаны неге қайнатпай тұтыну қажет?
Ащы шоколад денсаулыққа қаншалықты пайдалы?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу