Қарақат жемісінің пайдасы

Oinet.kz 09-10-2019 6431

Screenshot_31.jpg

Қарақат (cмородина) қара және қызыл болып екіге бөлінеді. Екеуінің де тағам жемістік қасиетімен қоса дәрілік ерекшелігі де бар. Ол зәр жолдарында тас байлануға, қуық қабынуға дәрі болады.

Қарақаттың жаңа сығылған шырынын ұмытшақтықты бастыратын, қан қысымын реттейтін, жүрек қантамырларының, жүрек құлақшасы мен жүйкесіне әсер ететін дәрі ретінде де тиімді пайдаланады.

Оның биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Бір түптен бірнеше сабақ шығарып, жапырақтары жазылған алақан тәрізді, жиектері шағын ара тісті болып келеді.

Қарақаттан дәрі жасау үшін жемісін, жапырағын, жас бұтақтарын пайдаланады. Оның құрамында С, Р дәрумені, қант, фосфор қышқылы, илік заттар, каротин, эфир майлары, калий, фосфор тұздары, темір бар.

Халық медицинасында қарақатты ежелден тер шығаратын, зәрді айдап, ісікті қайтаратын, іштің өтуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып, атап айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Жапырақтарымен ревматизмді, шор буынды, лимфа бездерінің туберкулезін де емдеген.

Қарақаттың жаңа сығылған шырынымен адам ағзасындағы зат алмасуды реттеу үшін күн сайын бір стақаннан 2-3-ке бөліп ішіп отырса, пайдалы екенін уақыттың өзі көрсетті.

1. Қызылқат және қарақаттан жасалған қоймалжың тұнбамен асқазан-ішек жолдарының ауруларын, асқазан сөлінің кеміп кетуін күн сайын 200-300 грамм таза шырынмен емдейді.

2. Суықтан тұмау тиіп, тыныс жолдарының жұмыс қабілеті төмендеп кеткен жағдайда 2 ас қасық қарақат жемісін 300 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыны астан 15-20 минут бұрын әр жолы 2 ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Бір емделу барысы 15 күн.

3. Жапырақтары мен жас бұтақтары өт жолының тасын түсіретін шөптерге қосылады. Бұл жемістердің ешқандай уыты болмағандықтан қалағанынша жеп, қалағаныңызша істетуге болады.

4. Бүйрек ауырып, зәр жүрмей қалған кезде бір ас қасық қарақат жапырағын 300 г қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады. Осыдан ас алдында жарты стақаннан ішеді.

5. Құлақтан ірің аққан кезде 2 ас қасық кептірілген жапырақты 500 г қайнап тұрған суға салып, 30 ми­нут бұқтырады. Осыны жарты стақаннан төрт мезгіл қабылдайды.

6. Сусамырға 1 ас қасық кептірілген жапырақты бір стақан қайнап тұрған суға салып, 5 минут ақырын қайнатып, 2 сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны әр жолы 2 ас қасықтан астан соң, күніне 3 рет ішеді.

Бананды дұрыс таңдай біліңіз
Дене қызуын қайтаратын 8 түрлі азықтық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу