Баланы бөтелкемен тамақтандырмаңыз

Бөтелке сүт.jpg

Ордабасы  ауданында былтыр жедел ішек  инфекциясын  82 адам жұқтырды. Оның 42-і 15 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың барлығы да жедел ішек  инфекциясының салдарынан аурухананың инфекциялық аурулар бөлімшесінде емделіп шықты.

Ас қорыту жолдарын зақымдайтын жедел ішек инфекциясының қоздырғыштары өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық секілді басқа да заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүтті өнімдерде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді. Ауру қоздырғышы ластанған тағамдар, су, кір қол арқылы, ойыншықтар және басқа да күтім заттары арқылы ағзаға түседі. 2 жасқа дейінгі балаларда негізінен диарея түрінде болады. Іші өтеді, құсады, мазасызданып емшек емуі нашарлайды, емуден бас тартады. Дене  температурасының көтерілуі бақалады. Диареяның салдарынан баланың ағзасы сусыздануға ұшырауы мүмкін. Сусыздану – бұл ағзадағы судың үлкен құрамын және минералын жоғалту. Нәрестелер үшін сусыздану өте қауіпті, тіпті  соңы өлімге алып келуі мүмкін. 

Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса, өздігіңізден емделмеңіз. Егер баланыңздың дене қызуі 37 градустан жоғарыласа, жиі құсса, жиі іші өтсе, үлкен дәретіне қан араласқан болса, жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

Балаңыз диареяға шалдықпасын десеңіз, 2 жасқа дейін емшек сүтімен тамақтандырыңыз. Ана сүті баланы жұқпалы аурулардан сақтайды. 6 айлығынан бастап қосымша тамақ берер болсаңыз, кесемен, қасықпен тамақтандырыңыз, емізікті бөтелкемен бермеңіз. Жеке бас гигиенасын  сақтаңыз. 

Үрбала ҚОЖАНТАЕВА,

Ордабасы аудандық емханасы

Жеңіс дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тісті ағарту жолдары
  • Тіс пастасының тарихы
  • Шаш қай мезгілде тез өседі?
  • Ауырмаудың амалын кім айтады?
  • Семіздік серделдеңге салмасын
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика