Қыста ағзаға қандай дәрумен қажет?

Oinet.kz 25-12-2019

Қыс мезігілінде иммунитетіміз әлсіреп, суыққа бой алдырып, түрлі ауруларға душар болып жататынымыз бар. Вирустар мен суық тиюге қарсы тұру үшін ағзамызға қажетті дәрумендерді қабылдауымыз керек. Олар қандай дәрумендер? 

Screenshot_5.jpg

Суық күндерде адам ағзасына ең қажеттісі – Е дәрумені. Салқын ауа-райында адам бойында май көбірек болса, соғұрлым ауруларға төтеп бере алады. Ал, Е дәрумені майларға бай. Аталған дәрумен әсіресе, бидай дәндерінде мол болады. Сонымен қатар пісте дәнінде, миндал, мақсары майы, фундук, жержаңғақ майы, саумалдықта көп. 

Дәрумендер көкөніс пен жеміс-жидекте ғана кездеспейді, косметикалық заттардың құрамында да бар. Мәселен, косметикалық майлар мен лосьондар. Мұндай лосьондар теріңізді ылғалдандырып, күннен қорғайды. Денсаулыққа пайдасы мол дәруменнің түрлі ауруларды, тіпті,  қатерлі ісік пен альцгеймерді де жеңе алады деген сенім бар. Алайда мұның ешқандай ғылыми дәлелі жоқ.  

Е витаминін қабылдардан алдын дәрігермен кеңескен жөн. Өйткені сіз емделіп, дәрілік препараттар ішіп жүрсеңіз, дәрумен сізге тек кері әсерін тигізуі мүмкін. Соның ішінде  химиятерапия, сәулелік терапия курсын қабылдап жүрсеңіз, Е дәруменіне жолай бермеген абзал. 


Көктайғақтан қалай сақтану керек?
Ауыздағы жағымсыз иіс неден пайда болады?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×