Туберкулездің алдын алу

Oinet.kz 12-03-2020

Туберкулез (құрт ауруы) – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез микобактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қоспағанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін.

unnamed.jpg

Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Себебі, оның қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді. Еденге немесе жерге қақырықты түкірген кезде ол шаңмен араласады. Осындай шаңмен демалған дені сау адамның туберкулезді жұқтыруы әдбен мүмкін. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін. Туберкулез бактериялары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 10 күнге дейін сақтайды, ал кітап беттерінде өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда – шексіз.

Туберкулез жұқтыру барысында ауру­дың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететін факторлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.

Туберкулездің негізгі белгілері:

1. Салмағын жоғалту;

2. Тершеңдік;

3. кеуде тұсының ауыруы;

4. қан түкіру;

5. жалпы әлсіздік және тез шаршау;

6. дене қызуының ұзақ уақыт көтеріңкі болуы.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

1. БЦЖ вакцинасы перзентханада бала­ның 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жас­та жасалады.

2. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.

3. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.

4. Ет пен сүтті міндетті түрде термия­лық өңдеуден өткізу.

Уақытылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделеді.

Депрессиядан қалай шығуға болады?
Мифы о похудении: что нужно знать, чтобы впустую не тратить деньги
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу