Жапон мүсіншісі Масакиши Хананума жайлы не білеміз?

Oinet.kz 19-02-2020 713

Screenshot_1.jpg

1885 жылы жапон мүсіншісі Масакиши Хананума туберкулёз дертінің бір күні түбіне жетерін сезіп, сүйікті әйеліне өзінің мүсінін жасап кетуді ойлайды. Ол ағаштан бірде-бір шегені қолданбай денесінің үстіңгі бөлігін істеп шығады. 

Шебер түр-әлпетінің әрбір бөлігін, бұлшықетін, тамырын тіпті әжіміне дейін жасайды. Ал басына өзінің шашын, сақалын, қасы пен кірпігін жабыстырған екен. Мүсінші ол аз дегендей ағаш ескерткішке тісі мен аяқ-қолының тырнағын да орнатады. Осылайша мүсін тірі Масакишидің өзінен аумай қалады. Дерті асқынған Хананума шедеврден кейін 10 жыл өмір сүреді. Бір қызығы ол туберкулезден емес кедейшіліктен көз жұмған екен. Ал оның туындысы көптеген коллекционерлердің қолында жүріп, 1994 жылы жер сілкінісі кезінде қирап қалды.

Көзге ақ түссе не істеу керек?
Мерез туралы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу