Дәрігерге қаралуда 4 маңызды қадам

Oinet.kz 11-12-2018 573

Screenshot_4.jpg

Баршамызға уақыт өте келе дәрігерге қаралуға тура келеді. Ол үшін не істеу керек? Қандай сұрақтардың жауабын білу қажет? Әрі маманнан нені талап ету керек?

Мақсатын анықтау

Көбінесе дәрігерлер сұрақтарды өздері қояды. Десе де, емханаға бармастан бұрын алдын ала жауабыңызды дайындап алғаныңыз жөн. Бұл дегеніміз- ауру белгілері,қашан және қандай жағдайдан кейін мазалай бастағанын еске түсіріңіз. Дәрігерге не себепті келгеніңізді, денсаулыққа қатысты шағымдарыңызды ашық айтыңыз. Қысылудың қажеті жоқ. Емделудің басқа амалдарын қолданған болсаңыз, бұл жөнінде де маманның білгені абзал. Созылмалы ауруға шалдығып, дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз (тіпті дәрумен, шөп немесе биологиялық белсенді қоспа болса да ), міндетті түрде дәрігеріңізге баяндаңыз. 

«Дәрігерлік құпия» деген ұғым болатынын естен шығармаңыз. Ол өміріңіздің жай-жапсарын бөтен адаммен талқыламайды. Соған сеніңіз!

Дәрігерден нені сұрау қажет? 

Сізге дәрігердің айтқаны түсініксіз болса, қайта сұраудан, анықтап алудан қысылмаңыз. Себебі дәрігер нұсқауының дұрыс орындалуы – денсаулығыңыздың жақсаруына септеседі. 

Сізді не мазалайтынын дәрігерге қалай дұрыс түсіндіруге болады? 

Көптеген азаматтар дәрігермен тілдескен соң екеуі екі тілде сөйлескендей әсерде қалады. Тіпті ауруды сезінуін «мұны сипаттап беру өте қиын...» деген сөздермен бастайды. Олар шағымдарын анық түсіндіре алмағандықтан, 5-10 минуттың орнына, дәрігердің 45-60 минут уақытын алады.Ал мұндай жағдайдың алдын алу үшін сізді не мазалайтынын айқын, нақты және қысқа айта білудің маңызы зор.

Дәрігерден осыған ұқсас патологиямен тап болу жиілігін және оны емдеу тәжірибесі бар-жоқтығын сұраудан қорықпаңыз. Ауру ағымының болжамы қандай? Қойған диагнозына сенімді ме? Қандай да бір қосымша талдаулар (анализ) жүргізу қажет пе анықтап алыңыз.

Дәрігер нені тағайындайды?

Диагноз қойылған соң, мамандар тиісті емдеу шараларын белгілейді. Міндетті түрде дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектер жайында толық ақпаратты беруі тиіс (медикамент дәлелді медицинаға негізделді ме, қолданылуы, жанама әсерлері , басқа препараттармен әрекеттесуі). 

Есте сақтаңыз! Дәріні дәрігер белгілеген уақыт аралығында қабылдауған абзал.

Дәрілік заттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолданбаңыз

Есте сақтаңыз, дәрігер міндетті түрде нұсқау жазып беруі тиіс. Медициналық виртуалды кеңістік күн сайын кеңеюде. Сондықтан «ақшаң болса, денсаулығың да жақсарады» деп жарнама берген жеке ұйымдар, өзін-өзі емдеу бойынша берілген кеңестер және беймәлім данышпандардың емдеу әдістері қолайсыздықтарға әкеп соқтырады . Денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз!

Дені сау ұрпақ – ел болашағы
Биша кесегін алдыртқан дұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу