Егіз емес үшем екен

Oinet.kz 25-05-2020 781

Американдық Лайзи мен Адриана Шепард 1994 жылы отау құрады.  Алайда екі жұп ұзақ жылдар  перзент сүйе алмады.  Сөйтіп ерлі-зайыптылар  жасанды жолмен бала көтеруге  шешім қабылдайды. Дәрігерлер 14 эмбрионның ішінен 12-сін мұздатып, 2 эмбрионды  жатырға салады. Тоғыз айдан кейін  Шепардтар отбасында егіз қыз өмірге келеді. 

image.png

Араға біраз жыл салып отбасы тағы да балалы болғысы келеді де дәл сол клиникаға қайта барады. Дәрігерлер оларға сақтаулы тұрған бір эмбрионды қолданады. Көп күтпей отбасыларында тағы да кішкентай қыз өмірге келеді. Шепардтарды таң қалдыртқаны әлгі кішкентай қыз өз әпкелерінен аумайды. Кейіннен үш апалы-сіңлілердің де үшем  екендігі анықталады. Үшемдердің  жас айырмашылықтары бақандай 11 жыл. Таңғажайып оқиғаға куә болған дәрігерлер мұндай жағдайдың алғаш рет орын алғанын айтыпты. 

Дәрігерлер көтеріліске шыққанда...
Ықылығы тоқтамаған адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу