Өз қолыммен: медициналық бетперде

Oinet.kz 04-06-2020 1081

Соңғы уақытта дүниежүзі бойынша COVID – 19 қауіпті індетінің таралуы әлем халқын бір сілкінтті. Аталмыш дерттен қорғанудың бір жолы  ол -  медициналық бетпердені үнемі тағып  жүру.  Мұндай бір реттік маскалар дәріханаларда сатылады. Алайда, қазір дәріханаларда бұл өнімнің жеткіліксіздігі және  бағасының өсуі қатты байқалуда. Қалтаңыздағы қаржыны шығындамас үшін,  сізге үй жағдайында вирустардан қорғайтын бетпердені жасауды ұсынамыз. Оны бірнеше рет қолдануға болады, яғни жуып, үтікпен келесі жолы да таға аласыз.

image.png

Қалай жасаймыз?

Үй жағдайында медициналық бетпердені тігу үшін сізге алдымен 90х60 см көлемдегі дәке және  қалыңдығы 1 см болатын 15х15 мақта қажет. 

Мақтаны дәке бөлігінің дәл ортасына қою керек және дәкені орап, 3 қабат етіп шығарыңыз (жоғарғы және төменгі жиектерін байлап қойыңыз). Содан кейін дәкенің екі ұшын байланыстыру үшін ортасынан кесу керек. 

Дәкенің орнына мақта-дәкені қолдануға болады. 

Ол үшін сізге 7м х 14 см бинт және 14х14 см мақта матасы қажет. Таңғыштан 60 см қашықтықта кесіңіз. Матаның осы бір бөлігінің басына мақта матасын салыңыз және оны 4 қабат қылып ораңыз.

Пайдалану ережесі.

Дәкеден жасалған медициналық маска тек ауызды ғана емес, мұрынды толықтай жауып тұра алатын және бетке де өте ыңғайлы болуы керек.

Тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін бір реттік дәріханалық масканы 2 сағаттан, ал өздігінен жасалған масканы 4 сағаттан артық уақыт киюге болады. Ал, бір жолға қолданылатын маска вирустың жиналып, айналаға таралуына ықпал етеді. 

Бетіңізге масканы қолыңызбен тигізбеңіз, қолданылған масканы ұстағаннан кейін қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз. Алынған масканы қайта киюге болмайды.

Медициналық маскалардың көмегімен тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін науқастармен бірге бөлмеде болған кезде, үйде, адамдар көп жиналатын жерлерде кию ұсынылады.

Мақта-дәкеден жасалған бетперденің артықшылықтары мен кемшіліктері

Үйде дайындалған медициналық бетперделердің артықшылығы - дәріханалық маскалардан айырмашылығында. Оларды 4 сағаттан артық уақытта киюге болады және ұнтақпен мұқият жуып, қайта пайдалануға болады. Осылайша, сіз қауіпті вирустан сақтайтын құралдарды сатып алуға ақша шығындамайсыз.

Бірақ, өкінішке орай, медициналық маскалар кию сізде тұмау сынды аурудың болмайтынына кепілдік бермейді. Өйткені, тұмау вирусы мен суық тию ауа тамшыларымен таралады және интерстициальды қашықтықта еніп, содан кейін тыныс алу жолдарын нашарлатады. Ал, дәкеден жасалған маскалар, вирус жұқтыру қаупін азайтып, вирустарға кедергі жасайды.

Дәріханалық маскалар мен мақта-дәке таңғыштарын науқас адамдар бұрыннан киіп жүрсе, көбірек пайдасы тиеді. Маска тыныс алғанда, жөтелгенде немесе түшкіргенде шашырауға және қоршаған ортаға вирустың таралуына жол бермейді. Осылайша, маска киген науқас адам өзіндегі вирусты адамдарға жұқтырмайды. Ал, қолдағы вирус 30 минутқа дейін өмір сүреді.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін маскаларды қолданудың басқа әдістерімен үйлестіру қажет:

Жедел респираторлық инфекция белгілері бар науқаспен 1 метр қашықтық ұстаңыз. Онымен сөйлесу уақытың қысқартыңыз. Жиналған топ адамдармен көп уақыт тұрмауға тырысыңыз. Ауызыңыз бен бетіңізге жуылмаған қолдарыңызды тигізбеңіз.

Қолыңызды сабынды сумен жиі жуыңыз, алкоголь негізіндегі тазартқыш құрал қолданыңыз және бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз! 

Әуен және жан әлемі
Тамағыңыз жыбырласа, құлағыңызды тырнаңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу