Ағзаға аса қауіпті 5 дәрілік өнім

Oinet.kz 08-08-2019 1885

Screenshot_6.jpg

   Мамандар  денсаулыққа аса қауіпті дәрілердің тізімін жасады. Қазіргі таңда, әлем болып бұл дәрілерден түпкілікті бастартуда. 

 Анальгин - препарат жанама әсерлерге ие, шамадан тыс қолдану ағзаның бұзылуына әкеледі, яғни:

- Жүрек жүйесінің тарпынан: қан қысымын төмендету.

- Анальгиннің жүйке жүйесіне әсері: конвульсиялар, мигрень.

- Аллергиялық реакциялар: тыныс алу жоллдарының нашарлауы, ангоэдиема, бөртпе, демікпе.

- Қан түзілуі: лейкоциттер, тромбоциттер, базофильдер, эозафинильдер санының азаюы.

- Зәр шығару жүйесі тарапынан: зәр шығару қиынға соғады, ақуыздың пайда болуы, қызыл түспен нәжістің түсуі, нефриттің дамуы.

- Ас қорыту жүйесінің реакциясы: асқазанның ауыруы, аузының құрғауы, жүрек айнуы.

- Ұрықтың белсенділігін төмендетеді.

- Жүктілік уақытында қолдануға мүлдем болмайды, баланың дамуын тежейді.

 Валидол - көршілес федерация шығарып отырған, танымал препарат. Зерттеу барысында, валидолдың жүрекке тигізер пайдасының жоқтығы анықталды. 

- Есірткі секілді, тәуелділігі жоғары, жиі қолдану - ағза қажеттілігін тудырады. 

- «Нитроглицерин» қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар арасында бас айналу, беттің терісіне қанның ағуы, терінің қызуы, гипергидроз, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғуының жоғарылауы байқалады. 

- Гипотензияға, аяқтың ісінуіне, тыныс алудың қысқаруына, диспепсиялық күйге және организмдегі қант мөлшерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

- Асқазан-ішек жолдарының проблемаларын, аузындағы құрғақтық сезімін, ұйқысыздық, депрессия, психикалық бұзылыстар, қолдың немесе аяқтың парестезиясына әкеледі.

-Дозаланғанда симптомдар әсері жүрек соғу жиілігінің жоғарылауында, бұлшықет әлсіздігінде, көру өткірлігінің нашарлауында, қарыншалық фибрилляцияда көрінеді. 

- Препарат құрамына кіретін броммен улану -  адамдар үшін өте қауіпті. Дененің бұзылуынан басқа, мұндай жағдай өлім қаупі болып табылады. 

 Кезекті Ресей өнімі "Карволол" дәрісі. Препарат құрамында бейтараптандыратын транквилизатор бар. АҚШ-та бұл препаратты импорттауға тыйым салынған.

- Асқазан мен ішек аумағы жайсыздығы, жүрек айнуы

- Ұйқышылдық, бас айналуы, зейінді шоғырландырудың төмендеуі

- Жүрек ырғағының баяулауы

- Ұзақ уақыт қолданғанда препаратқа тәуелділіктің, «тоқтату» синдромы мен бромизм құбылыстарының пайда болуы мүмкін (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыстың бұзылуы, сананың шатасуы).

- Жиі және тұрақты қолдану тәуелділікті, абстинентті синдромды, психомоторлы қозғыштықты туғызады.

- Орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі

- Уланудың ауыр жағдайларында – тыныс алудың бұзылуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс ауруларына әкелуі әбден мүмкін. 

 Тағы бір танымал дәрілік өнім - хлорамфеникол (левомицетин) ескірген дәрілер қатарына енеді.

  Препараттың жанама әсерлері: 

- Лейкопения, тромбоцитопения, ретикулоцитопения, қандағы гемоглобин деңгейінің азаюы,

- Бастапқы эритроцитарлық пішіннің цитоплазматикалық вакуолизациясы, агранулоцитоз, апластикалық анемия

- Жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, шырышты қабықтың тітіркенуі,

- Ішек микрофлорасының бәсеңдеуі, дисбактериоз, салдарлы зеңдік жұқпа

- Неврит, көру жүйкесінің невриті, көру өткірлігінің және есту қабілетінің төмендеуі

- Бас ауруы, депрессия, сананың шатасуы, делирий, көру және есту

- Галлюцинациялары, көз алмасының салдануы, дәм сезудің бұзылуы

- Тері бөртпесі, есекжем, қызба, ангионевротикалық ісіну

- салдарлы жұқпа дамуы, бактериолиз реакциясының болуы мүмкін.

 Бисептол - аллергиялық реакция қаупіне байланысты бисептол 12 жасқа толмаған балаларға шетелде тағайындалмайды.

   Кері әсері:

- Лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения,

- Дене қызуының жоғарылауы, діріл

- Бөртпе, есекжем, едәуір сирек полиморфты эритема, қышу

- Жалған жарғақшалы энтероколит

- Кандидоз

- Дене температурасының жоғарылауы, ангионевротикалық ісіну, түрінде пайда болатын асқын сезімталдық реакциясы, анафилактоидты реакциялар – жөтелмен немесе ентігумен қатар жүретін аллергиялық альвеолит, эозинофильді типтегі өкпе инфильтраты

- Қайтымды гиперкалиемия, гипогликемия, гипонатриемия

- Нейропатия (оның ішінде, шеткергі невриттер және парестезиялар)

- Трансаминаза белсенділігінің және билирубин концентрациясының жоғарылауы, гепатит, холестаз, бауыр некрозы

- Фотосенсибилизация

- Бүйрек қызметінің бұзылуы, интерстициальді нефрит, қандағы мочевинаның, азоттың, қансарысуы креатининінің жоғарылауы, кристаллурия, диурездің артуы, әсіресе шығу тегі жүрекпен байланысты ісінуі бар науқастарда жиі байқалады.

  Мейлі, бұл дәрі-дәрмектерді есептемегеннің өзінде, кез-келген препараттың ағзаға кері әсері болады. Неғұрлым, дәрілік өнімдерге әуес болмағаныңыз, өзіңізге тиімдірек. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. 

Тар шалбар ерлердің денсаулығын бұзады
Саусақты қытырлату буын ауруына соқтырады деген рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу