Сіңір созылғанда не істеу керек?

синир созылу.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды

Сіңір созылуы – буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Көбіне жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады. Сіңір созылуының белгісі – зақымданған жер қатты ауырады, ісіп кетеді. Сондай-ақ сіңір созылған жерге қан ұйиды. 

Сіңір созылған жерге салмақ түсіруге болмайды. Адамдар сіңір созылғанда оны жылы ұстап, ыстық суға булап жатады. Бұл өте қате шешім. Сіңір созылған аймаққа ешқашан грелка қойып, жылы компресс жасауға болмайды. Себебі жылу қан құйылуын ұлғайтып, ауруды күшейтеді, асқындыруы мүмкін.  Мұндай кезде алдымен мұз басу керек. Ауру күшейсе, дәрігерге қаралған жөн. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Баланы бөтелкемен тамақтандырмаңыз
  • Жүрек сырқатын қалай емдеуге болады?
  • Қара қойдың өкпесі талай ауруға ем
  • Анорексия қандай ауру?
  • Белсенді қозғалыс - салауатты өмір салтының негізі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика