Темір хирургтар

Oinet.kz 16-01-2020 923

Роботтардың хирургия мен медициналық терапияда пайдаланылуы аса таңсық болмаса да, әлі де сирек қолданылады. Мұның себебі роботтардың бағасының аса қымбат болуында. Мұнымен қоса, олар көп күтім мен техникалық қызметті қажет етеді. Оның үстіне дәрігерлер және мейіргерлер мұндай роботтарды пайдалануға біршама жаттығулары тиіс. 

Screenshot_9.jpg

Хирургиялық роботты басқару үшін хирург-дәрігер басқару тетігінің жанында отырады. Медицинадағы танымал роботтардың бірі – «Да Винчи». Ол хирургтерге инвазивті жолмен күрделі оталар жасауға мүмкіндік береді. Бұл робот хирургтке ептілікпен, дәлдікпен және бақылаумен қамтамасыз етеді. Ол Америка мен Еуропаның 300-ден аса ауруханасында пайдаланылады. 2005 жылдың маусымында АҚШ-тың Нью- Йорк қаласындағы бір ауруханада «Пенелопа» деп аталатын операциялық робот ісікті алып тастау операциясына қатыстырылды. 

Үндістанда өлім-жітім неге көп?
Хоккейшілердің осал жері – тісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу