Мүгедек марафоншы Терридің арманы орындалды

Oinet.kz 12-02-2020 839

Screenshot_7.jpg19 жасында  канадалық Терри Фокстың аяқ сүйегінен қатерлі ісік табылып, салдарынан мүгедек болып қалады. Тізеден жоғары кесілген жарымжан аяғына қарамастан ол ракпен ауыратындарға көмек көрсетін «Үміт марафонына» қатысады. 

Терри әр канадалықтан тым болмаса 1 доллардан жинап, әлем елдерін  жүгіріп өтуді армандайды. Үш жылдық үздіксіз жаттығудан кейін спортшы протез аяғымен Атлант мұхитынан жүгіруді бастап, күніне 42 км бағындырып отырады. Ол 143 күнде 5373 шақырымды жүгіріп өтіп, ауруының асқынуына байланысты марофонды үзеді. Көп ұзамай Фокс Тынық мұхитына жетемін деген мақсатына жете алмай көз жұмады. Дегенмен батыр жігіттің басқа арманы орындалады. Ол қайырымдылықтан  24 миллион доллар жинапты. Сол кезде Канаданың халық саны 24 миллионды құраған екен.

Психологиялық тест: «Құстардың бірін таңдап сізге не жетпей жүргенін біліңіз!»
Егілген патшайым Екатерина II елге үлгі көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу