Сүйікті президентіміз жайлы қызықты деректер

Oinet.kz 07-04-2020 3116

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған. 

3425593.jpg

Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. 

Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Руы -  Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руының тумасы. 

Отбасы: Ажырасқан. Бұрынғы әйелі: Надежда Давыдовна Тоқаева (1957)

Ұлы: Тимур Қасымжомартұлы Тоқаев (1984)[10] - саясаттану ғылымының кандидаты, бизнеспен айналысады.

Іскерлік әлемі:

1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды. 

1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Тоқаев бас-аяғы он жыл Қазақстанның сыртқы істер министрі болды (1994 – 1999, 2002 – 2007). Сыртқы саяси ведомствоның басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Бұрынғы дипломаттар Тоқаевты "ел дипломаттарының жетекшісі, халықаралық дипломатияда салмағы бар тұлға" деп бағалайды.

2007-2011 жылдар аралығында ҚР Парламенті сенатының төрағасы қызметін атқарды. 

2011 жылдың наурызында Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болып тағайындалды. 

2013 жылдың 16 қазанынан бері – Парламент сенатының төрағасы. 

Меңгерген тілдері:

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдері.

Сүйікті ісі:

Белгілі саясаткердің хоббиі – кітап оқу. Мемуарлық, тарихи және көркем әдебиеттерді сүйіп оқиды.

Бұған қоса, өзі де тоғыз кітап пен халықаралық қатынас мәселелері туралы көптеген мақаланың авторы.

"Твиттер" белсендісі

Белгілі саясаткер "Твиттер" әлеуметтік желісін белсенді қолданатындардың қатарынан. 

Елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға қатысты пікірін желіде үнемі білдіріп отырады. Жуырда оқушыларға бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытудың қажеті шамалы екенін, ең әуелі, қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек екенін жазған болатын.

Сондай-ақ, таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев ВВС-ге берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы президент сайлауына қатысатынына сенбейтінін ашық айтқан еді. Сенат спикерінің жеке пікірі қазақстандық БАҚ беттерінде қызу талқыланды. 

"WhatsApp-тан келген хабарламаларға жауап беремін" 

"Мен әлеуметтік желілерде отырамын. Смартфон қолданамын. WhatsApp-тан келген хабарламаларға жауап беремін. Ол жай қарапайым күнделікті іс. Түптеп келгенде мен ешкіммен хабарласпай отыра алмаймын ғой", - дейді Мемлекет басшысы сұхбатында.

Президент қоластындағыларға кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы да жіберетінін айтты.

Дариға Назарбаева туралы тың деректер
Барат түні 9 сәуірге тура келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу