Жаңа қаржы министрі негізінен кім?

Oinet.kz 19-05-2020 2175

Күні кеше Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев тағайындалды. Бұл жаңа министр жайлы не білесіз?

1aea71bbe612b9c6f4ac18e77822cec8.jpg

Өмірбаяны

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары білімді азамат. Қазіргі таңда үш баланың ардақты әкесі. 

Ол 1995 жылы Қазақ Ұлттық мемлекеттік басқару акедемиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал, 2009 жылы Т.Рұсқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің бизнес мектебін «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша оқыған. 

Еңбек жолы

Ерұлан Жамаубаев еңбек жолын 1996 жылы Қазақ Ұлттық мемлекеттік басқару акедемиясында стажер-оқытушы болып бастады. 

Содан кейін, 1998 жылдан 2006 жылға дейін жетекші талдаушы, бас маман болып жұмыс істеді және мансап сатысынан Ұлттық банктің Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары деңгейіне көтерілді.

2014 жылға дейін ол Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры болды.

 2014-2015 жылдары - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры. 

2015 жылғы шілде-қараша аралығында Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. Содан кейін 2015 жылдың қараша айында ол басшы болды. 

2018 жылдың 29 қарашасынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді. 

2019 жылдың 22 наурызынан бастап - Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы.

Қазіргі таңда еліміздің қаржы министрі болып тағайындалды. 

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. 

Ерұлан Жамаубаев «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Бүгін Пионерлер күні
Төрелер деген кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу