Төрелер деген кімдер?

Oinet.kz 21-05-2020

Төре – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын ұрпақ, қазақ даласында әлеуметтік топ. Олар қазақ руларына қосылмайтын өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін «ақсүйек» қатарына жатқызған. Қазақ қоғамында хандар тек төрелерден шыққан сұлтандар арасынан сайланатын.
Төрелер әкімшілік және сот билігін жүзеге асырды. Сонымен қатар олардың соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасшылық ету құқығы болды. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы барысында Орта жүз бен Кіші жүзде бірте-бірте хандық жүйе жойылып, төрелер қазақ қоғамының саяси-экономикалық өмірінде бұрынғыдай рөл атқара алмады. Қазақстанда 1867-1868 жылдардағы реформалардың енгізілуі төрелердің экономикалық және саяси артықшылықтарын біржола жойды.

Кто такие Торе или Төре, Тўра ? История родов Казахстана - YouTube

Төреден шыққан қайраткерлер
Шоқан Уәлиханов
Шота-Аман Уәлиханов
Әлихан Бөкейхан

«Төре» дегеніміз кім десек, Қазақ арасында сонау Шыңғысхан заманынан қалып, өздері қазіргі күнде Қазақтың айтулы руына айналған Шыңғыс ұрпақтары.
Кезінде Дінмұхамед Қонаев: «Мына жерде кім жатқанын білесің бе? Бұл жерде өзі ақын, өзі батыр, өзі философ, осы Жетісудың аға сұлтаны – хан Тезек жатыр. Егер Тезек төре болмаса, ақын Түбек те, Сүйінбай да, Бақтыбай да белгісіз болар еді...» – деген екен (Ә. Алыбаевтың естелігінен).
Ал Құнанбай қажы Меккенің шейхына: «... біз Мәскеу-Сәскеудікі де, Бұқар-Сұқардыкі де емес Қырғыз да емес, Қайсақ та емес кең сақараның қазағымыз. Жанымыз құдайдың билігінде, басымыз төренің билігінде, дініміз қожалардың билігінде...» – депті.
***
Қазақ хандығы дәуірінде ел билеу құқығына төрелер ие болған
Қазақ хандығының түп-негізі Шыңғысхан құрған қағанат, одан тараған Жошы ұлысы, Ақ Ордадан бастау алатындықтан, төрелерге ел билеу құқығының берілу себебін тым әріден іздеуге тура келеді. Тарихшылар Шыңғысхан құрған қағанатты басқару «чингизизм» идеологиясына негізделгенін айтады. Яғни, Шыңғысхан өзі бағындырған аумақты бәйбішесі Бөртеден туған төрт ұлы Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлеге мұраға қалдырды. Ал, бұл ұлыстарды қағанның төрт ұлынан тараған ұрпақ билеп төстеді. Оларды батыс зерттеушілері «чингизидтер» деп атаса, қара халық «төрелер» ұлықтады. Нағында, Шыңғысхан және оның ұрпақтарын «төрелер» деп кие тұтудың астарында діни сенім жатыр. Көне түркілердің түсінігі бойынша абсолютті ел билеу құқығы – тек «қаған» мансабына ие билеуші тұлғаларға тиесілі-тін.

«Қаған» мансабын Оғыз қаған ұрпақтары ғана иелене алатын. Әбілғазы «Түрік шежіресінде» Оғыз қағанды бір тәңірге сенуді дәріптеп Моңғол, Татар, Шүршіт, Қытай, Тұран, Үндістан, Иран, Шам, Мысырға жорық жасап, жаулап алған жаһангер деп көрсетеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болса, Оғыз қаған ескі заманда (исламнан бұрын) түркілерге келген пайғамбар еді деп атайды. Базбір зерттеушілер Оғыз қаған фольклордағы образ емес, оның тарихи тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады. Бұл болжамды түрік зерттеушісі Ахмет Кабаклы да жақтайды. Жалпы, тарихи еңбектерде Мөденің Шығыстағы Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы 36 мемлекетті бағындырғандығы айтылады. Түркілердің танымында Оғыз қаған ұрпақтары «алтын ұрық» өкілдері болып есептелді. Мұсылмандар үшін «әһли-байт» қаншалықты құрметті саналса, көне түркілер үшін де Оғыз қаған ұрпақтары соншалықты қадірлі болды.
***
Түркілер Оғыз қаған ұрқы Тәңірдің нұрына бөленген, олар мемлекет басқарса, ел баянды өмір сүреді деп ұқты. Рашид ад-диннің «Жами-ат Тауарихында» Шыңғысханың осы Оғыз қағанның ұрпағы екендігі көрсетілген. Яғни, Шыңғысхан өзінің Оғыз қағанның ұрпағы екенін дәлелдеп, қаған мансабына қол жеткізді. Ал, қалың бұқара алтын ұрықтың өкілі Шыңғысты хан ретінде сайлап, оның ұрпақтарының билігіне мойынсұнды. Мемлекет теориясы ғылымында «билеушілерді Тәңірдің жердегі өкілі санайтын ел басқару тұрпатын «харизматикалық мемлекет» деп атайды. Демек, Шыңғысханның иелігіндегі мемлекеттің көне түркілік сенімге (тәңірлік) сай діни қыры болған. Осы тоқтамға саятын пікірді өз зерттеуінде татар зерттеушісі Измайлов: «Мемлекетті басқарудың чингизизм» құбылысы – саяси күш пен билеуші әулеттің біріге отырып, теократиялық қуатқа ие екенін білдіретін саяси бейнесі» деп атап көрсеткен еді.

Яғни, Шыңғысханұрпақтарына ел билеу құқығының берілу себебі, халықтың «алтын ұрық өкілдері (төрелер) мемлекет басқарса, ел баянды өмір сүреді» деген сенімі негізге алынған болатын.
Мұқан Исахан, дінтанушы e-islam.kz

Жаңа қаржы министрі негізінен кім?
Психологиялық тест: Ең жас қызды табыңыз?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×