Карантинде қалай онлайн саяхат жасауға болады?

Oinet.kz 02-07-2020

онлайн туризм.jpg

Демалыс уақытында шетелдік мәдениетпен танысу үшін шекара асатын адамдар көп еді. Сақтық шарасын сақтағыңыз  келсе, әлі де үйде қалғаныңыз ыңғайлы. Шетелдік туристер үшін музейлер билетке жоғары баға сұрайды. Ешқандай ақысыз әлемнің үздік мұражайына онлайн жүйеде саяхат жасап көре аласыз. Назарларыңызға әлемге әйгілі музейлерге онлайн саяхат жасау мүмкіндігін ұсынамыз!

Лувр мұражайы, Париж

Лувр.png

Лувр (Louvre) — Париж қаласындағы сәулет ескерткіші, өнер мұражайы. Алғашында патша өмір сүрген сарай болған ғимарат қазірде музейге айналған. Лувр экспонаттары еуропа тарихымен таныс болуға жоғары мүмкіндік береді. Әлемге ақиқатынан аңызы басым тараған Леонардо да Винчидің “Джоконда” картинасын тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.  Онлайн саяхат үшін www.louvre.fr сайтына кірсеңіз жеткілікті. Google аудармашы сізге ыңғайлы тілде ақпарат алуыңызға сеп болады!

Британ мұражайы, Лондон

Британ музейі.png

Британ музейі —әлемдегі ірі музейлердің бірі.Музей экспонаттары алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қамтидиды. Британ музейінің кітапханасында 7 млн-нан астам кітап, 105 мыңдай қолжазба сақталған. Әлем халықының өнер және мәдениет ескерткіштері, гравюра, сурет, металл ақша, медальдердің бай қоры бар. Қызығы - ежелгі Мысыр папирустары сақтаулы. Англиядағы Британ музейін www.britishmuseum.org сайтынан қарай аласыздар.

Эрмитаж мұражайы, Санкт-Петербург

эрмитаж.png

Эрмитаж –  дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес туындылары бар. Ресайдегі Эрмитаж музейін www.hermitagemuseum.org сайтынан тамашалауға болады. 

Третьяков галериясы, Мәскеу

Трят.png

Третьяков галереясы – орыс бейнелеу өнерінің Мәскеу қаласындағы аса ірі мемлекеттік мұражайы. Галерея қорында ТМД елдерінің мәдениетіне тән  150 мың дана экспонат (2006 жылы) сақтаулы. Жанында өңдеу шеберханасы, мұрағат, кітапхана жұмыс істейді. Ғылыми-зертханалық және насихат жұмыстары жүргізіледі. Мәскеудегі Третьяков галериясын tretyakovgallery.ru сайтынан онлайн режимде саяхаттай аласыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Әбдуғаппар Сманов қайтыс болды
Психологиялық тест: Қай орынға отырар едіңіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×