Баньян ағашы

Oinet.kz 24-08-2020 1093

Reddit әлеуметтік сайтында белгісіз бір автордың суреті жарияланды. Суретте сіз баньян ағашын көріп тұрсыз, бұл ағаштың негізгі өмір сүретін ортасы – Үндістан, сол себепті де оны әдетте үнді баньяны деп атайды, басқаша атауы бенгаль фикусы.

66460808eb35b4d307de06ee630c2f6e.jpg

Бұл ағаштың ерекшелігі сол, фикустың тұқымын құстар таратады, егер тұқым жерге түссе, онда кезекті фикус өсіп шығады, бірақ егер тұқым ғимарат немесе басқа бір ағаштың жарықшағына түссе, онда баньян өсіп шығады.

Осылайша, баньян өмірін эпифит (грек. ἐπι- — «үстінде» жәнеφυτόν — «өсімдік») сияқты бастайды. Баньян атмосферадағы ылғал мен фотосинтездің есебінен өседі. Ол жайылып өседі және әуе тамырларын құрайды. Олар өз кезегінде, жерге жеткен соң ағаштың алғаш діңгегінің негізін қалайды, содан кейін бұлар да өз әуе тамырларын шашады. Баньяндар шағын орман жасап, гектар жерді алып жататын жағдайлар бар.

Ұзақ уақыт суда болғанда саусақтарымыз бен бармақтарымыз неге жиырылады?
Дельфиндер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу