Бұрынғы әйелін өзінен жиырма жас кіші спортшыға ұзатты: Путиннің «бірінші ханымы» қайда?

Oinet.kz 16-08-2022 5198

Бұл туралы ресейлік журналист Мария Певчих «Миллиарды за молчание. Куда пропала Людмила Путина?»  атты деректі фильмінде айтады. Фильм Навальныйдың YouTube арнасында жарық көрді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_43.jpg

Людмила Путинді көптеген жылдар бойы «бірінші ханым» ретінде білеміз, дегенмен Владимир Путиннің президенттік жылдарында олардың некелері жай ғана фантастика болған. Людмила Путин көп көрінбейтін: Ол халықтан жасырылды, оған өз бетінше сөз айтуға мүмкіндік берілмеді. Оны көп жылдар бойы көрмеген халық, қазір мүлдем ұмытты. Қазір Путиннің екі қызының анасы қайда? Ажырасқаннан кейін оған не болды?

Біз Людмила Путиннің жеке күнделігін таптық, оның қанша ақша тапқанын білдік және оның еуропалық мүлікті қалай сатып алатынын білдік.

Шынайы махаббат пен өте көп ақша туралы Мария Певчих біздің жаңа тергеуімізде айтады.

Путин мен Людмила отыз жыл отасқан. Олардың екі қыздары бар. Отыз жылдың жиырма жылы олар үшін  формальды түрде ғана болған дейді.

2015 жылы Владимир Путин бұрынғы әйелін өзінен жиырма жас кіші спортшыға  ұзатты дейді. Ұзатып қана қоймай, өте жақсы қалың мал да берген екен. Мұның бәрі 30 жыл бойы бақытсыз отбасылық өмірдің өтеуі. Людмила қаншама жылдар бойы Путин көңілдестерін ауыстырып, оларға вилла сыйға тартқанда, олардан бала сүйгенде үндемей жанында жүрген.

Людмила Путиннің не болып жатқанын және Путиннің отбасы қалай өмір сүргенін біз оның қолымен жазған және неміс құрбысына факс арқылы жіберген хаттарынан біле аламыз. Біз оларды Путиннің сарайы туралы тергеуімізде көрсеттік, бірақ әлі де көптеген қызықты нәрселер бар…

Әлемдегі ең қызықты деректер
Психологиялық тест: Туған жылыңыздың соңғы саны қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу