«Афоня» кинокомедиясы туралы қызықты деректер

Oinet.kz 09-08-2019 1054

1410811528_0.jpg

Режиссер Георгий Данелияның «Афоня» комедиясы көгілдір экранға 1975 жылы шығарылып, КСРО-да бірден танымалдылыққа ие болған. Сантехник Афанасий Борщов туралы фильмі алғашқы жылдың өзінде 62 миллион көрермен жинаған. Келесі жылы Фрунзеде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде фильм арнайы жүлдеге ие болған. Кеңестік кинематографияның бүкіл тарихында фильм ең келушілер саны көп фильмдер тізімінде Василий Шукшиннің «Калина красная» кинокартинасының қасында, 17 орында.

Басты рөлде ойнайтын кейіпкерді табу режиссерге оңай соқпаған. Афоняны Георгий Бурков, Валерий Золотухин, Владимир Носик, Николай Караченцов, тіпті Владимир Высоцкий сомдауы мүмкін еді. Алайда Афанасияның рөліне Леонид Куравлевті бекітеді. Драмалық рөлдерді армандайтын актерға бұл ұнай қоймаған, дегенмен картина шыққан соң алкогольді тәуелділігі бар жандар арасында үлкен танымалдылыққа ие болған. Тіпті түсірілім кезінде де талантты актердің жанкүйерлері оған ішуді ұсынған.

Басты рөлге кандидат болған Борислав Брондуков Афоняның бөтелкелесі – Федулдың рөлін өте керемет ойнап шыққан. Оған арналған киімдерді режиссер өзі арнайы тауып берген, бақшасындағы құстарды қорқытуға арналған қарауылдан алып берген. Фильмде аздаған эпизодтарда ғана бой көрсеткеніне қарамастан, ол да Афанасий Борщовтан кем танымалдыққа ие болған жоқ. Ал аңызға айналған «Афоня маған рубль қарыз» («Афоня мне рубль должен») деген тіркес бүкіл ел бойынша тез таралып кеткен.

Евгения Симонованы Катя Снегиреваның рөліне бекіткен, алайда жас актриса ол кезде тағы бір фильмге түсуде болған. Сондықтан оның қатысуымен түсірілетін эпизодтар рекордты қысқа мерзімде – 3 күн ішінде түсіріліп біткен.

Евгения Леоновқа Куравлевқа қарағанда дұрысырақ рөл, яғни сылақшы Коляның рөлі бұйырған. Ол байсалды, сабырлы, газет оқығанды және саясатты талқылағанды жақсы көреді. Бірақ Леоновтың өзі кейіпкері Коляны Афанасий Боршовтан да өткен өзімшіл адам ретінде ұнатпаған.

Би кешінде Афоня Людмила деген төсі үлкен қызбен танысады. Актриса Татьяна Распутинаның төсін үлкейту үшін айла жасауына тура келеді. Ол іші ұнтақ жармасымен толтырылған қалталарды пайдаланады.

Комедияның түсірілімі 1974 жылдың жаз айларында Ярославльде өтеді. Сондықтан да болар, Волгада кинокартинаның кейіпкерлерін әлі де ұмытпаған. Тіпті онда сантехник Афоня мен сылақшы Коляға арнап ескерткіш орнатылған «Афоня» деп аталатын сырахана да бар. Мұндағы жағдайдың өзі кеңес дәуіріндегі жағдай тәрізді – сол кезеңдегі шыны сыра саптыаяқтар мен қырлы стақандарға салынған майлықтар.

Егоз деп аталатын тракторшының рөлі бұйырған Савелий Крамаров Ярославльдің сүйіктісіне айналған. Ол жергілікті базарда пайда бола қалса болғаны, сатушылар оған азық-түліктерін тегін беруге дайын тұрады.

Диево-Городище ауылы түсірілім кезінде Борщовка ауылы деп аталған. Себебі комедияның соңындағы мұңлы эпизодта Афанасий өзінің ауылына қайтуды шешеді. Түсірілімнен 45 жыл уақыт өткендіктен, кейіпкер Фросяның үйі қазіргі күнге дейін сақталмаған. Айта кететіні, Ярославль облысының Бірінші Мамыр ауданында шынында да Борщовка ауылы бар, бірақ түсірілімге басқа ауыл таңдап алынған.

Фрустрациялық деңгейіңізді анықтайтын психологиялық тест
Кока-Кола жайлы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу