Неліктен неміс тілінде сандар керісінше жазылады?

Oinet.kz 23-08-2019 2059

fakty-chisla-u-nemcev-naoborot.jpg

21 саны біздерде «жиырма бір» деп оқылады. Ал сіз немістерде керісінше «бір және жиырма» деп оқылатынын білесіз бе? Неміс тілін білетіндердің бұдан хабары бар болар. Бұдан бөлек неміс тілінде сан есімдер бірнеше ондаған әріптерден тұратын үлкен сөз құрай отырып бірге жазылады. Мысалы, 891 724 саны неміс тілінде achthunderteinundneunzigtausendsiebenhundertvierundzwanzig деп жазылады. Бұл неміс тіліндегі ең ұзақ сөздердің бірі саналады.

Соңғы 500 жыл ішінде жазушылар мен математиктер сандарды беру, теру кезінде көптеген қиындықтар туындайтынын көрсеткен. Алайда олардың бұл қиындықтарды шешу іс-әрекеттерін жоғарғы билік өкілдері басып отырған.

Немістер үшін қостаңбалы сандардың үйреншікті теріс оқылуынан телефон нөмірін жазу, банктік аударымдар кезінде тек Германия ішінде жылына 7 млрд-қа жуық қате жіберіледі. Мұндай оқиғалар басқа мемлекеттерге қарағанда Германияда көп орын алады.

Мұның себебі, зерттеушілердің пікірінше,  компьютер заманында да немістер әлі күнге дейін көптаңбалы сандарды шатастырып айтатындығымен түсіндіріледі.

1482 жылы неміс хаттарында араб сандары қолданыла бастаған. Оларды Якоб Кёбельдің арифметика кітабындағыдай солдан оңға қарай оқу ұсынылған. Мұндай қиындықтар содан пайда болған.

Сандардың жазылу белгілері жоқ кезде үндінемістер биркаларға таяқшаларды тырнап жазған. Ереже бойынша тек 1-ден басталған. Мысалы, 1 болатын болса – І, 2 болса – ІІ, т.с.с. Ал он санын қол саусақтарын айқастыру арқылы Х деп белгілеген. Сондықтан да ІХХ – «бір және жиырма» деп оқылған.

Тауыстар туралы 22 қызықты дерек
Аффилиация - қолдауды қажет ету
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу