Шайға тыйым салынса...

Oinet.kz 27-08-2019 995

5bb355ad1c70d.jpg

Шай ішу қазіргі таңда күнделікті қалыпты іске айналған. Шайсыз өмірімізді елестету де қиын. Қонақпен отырып шай ішіп аламыз да, қонақ кеткен соң тағы да «өзіміз отырып шай ішеміз». Оған ешкім таң қалмайды да. Бірақ ХІХ ғасыр адамдары бұл жағдайға таңырқай қараған болар еді... Себебі ол кезде шайдың бағасы өте қымбат болған. Оған көпшіліктің жағдайы жетпеген. Одан бөлек ол кездегі шай туралы түсінік мүлде бөлек болған.

Қызық көрінуі мүмкін, алайда сол кездің критиктері шай ішуді парасатсыздық деп санаған. Шай ішкен адамды мас адамнан кем санамаған. Уақыттарын босқа кетіріп, ақшасын босқа шашады, негізгі міндетін орындамайды деп есептеген. Сонымен қатар шай есірткімен тең дәрежеде қабылданған. Шай әдетке айналып кетеді деп санаған. Бұл Ирландиядағы ХІХ ғасыр адамдарының шайға деген көзқарасы.

Қазіргі таңда өзіміздің де өміріміздің көп бөлігі шай ішуге кетіп жатқаны белгілі. Тіпті 2-3 сағаттап әңгіме айта отырып, сапырып шай ішетіндер де жетерлік. Ал егер ХІХ ғасырдағыдай шайға тыйым салынса не болар еді? Қалай ойлайсыз?

Қырыну қауіпті болуы мүмкін бе?
Қауынның бағасы қарбыздан неге қымбат?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу