Қырыну қауіпті болуы мүмкін бе?

1495780865_razdrazhenie-posle-britya-na-litse41.jpg

Ерлердің арасында қырынуға салғырт қарайтындары да жетерлік. Алайда мына  оқиғадан соң олар бұл процедураға мұқият қараған болар еді.

1. Майкл Ф. Фарли, 1921.

1881 жылы 18 жасында Майкл Ф. Фарли Ирландиядан АҚШ-қа қоныс аударған.Нью-Йоркте өзінің спиртті ішімдіктер дайындау және сату бизнесін ашады. Бірақ оның бұл бизнестегі басшылығы көпке созылмайды. Шаштаразға барған Фарли шаштараздың қырынуға арналған керемет көбік дайындаған борсық жақпасынан сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін ойламаған. Нәтижесінде Майкл Ф. Фарли бактерия жұқтырып, бірнеше күннен кейін көз жұмады. Шаштараздың жақпасы бірнеше адамның өліміне себепші болған.

2. Александр Николаевич Скрябин, 1915.

Александр Скрябин өмірге деген көзқарасы мүлде бөлек пианист әрі композитор болған. Ол тондар мен ритмдермен зерттеулер жүргізіп, музыканы түстерге айналдырудың әдісін ойлап табады, оның соңғы «Мистерия» деп аталатын соңғы жұмысының тұсаукесері Үндістандағы Гималай тауы бөктерінде жеті күнге жоспарланады. Бірақ Скрябин ол тұсаукесерін өткізіп үлгермей, 43 жасында қырыну кезінде өзін-өзі жарақаттап алып, қанға ауру жұқтырып, өмірден озады.

3. Джон Генри Тейлор, 1911.

Қарапайым бақташы Джон Генри Тейлор 1911 жылы кемемен саяхатқа шықпақ болады. Саяхат кезінде Джон өзінің сақалының тым өсіп кеткенін байқайды да, кемедегі шаштаразға барады. Сол күнгі судың толқыны күшті болса да, шаштараздың кәсіпқойлығынан бір ғана жарақатпен оның жүзі әд-әдемі болып шыға келеді. Бірақ өмірін жалмау үшін сол бір ғана жарақаттың өзі жеткілікті еді. Инфекция жұққан жарақатының орнына түйін өсе бастайды. Нәтижесінде қатты өскен  түйін Джонның тыныс жолдарын бітеп қойып, содан көз жұмады.

4. Джон Торо, 1841.

Джон Торо – белгілі америкалық жазушы Генри Дэвид Тороның інісі. 1841 жылдың қыс мезгілінің бір күнінде күнделікті қырыну процедураларының бірінде Джон өзін жарақаттап алады. Бірнеше күннен кейін сіреспе ауруынан ағасы Генридің қолында қайтыс болады. Бұл оқиға Генридің жазушылық қабілетін ашуға себеп болады.

5. Лорд Карнарвон, 1923.

1922 жылдың 22 қарашасында Карнарвон Говарт Картермен бірге 3000 жыл бойы адам аяғы баспаған Тутанхамонның моласын ашады. 1923 жылы ақпан айының соңында маса шаққан жерін қырыну кезінде кесіп алған Карнарвон сепсиспен ауырады. Кейінірек тағы өкпе ауруына шалдығуы оны мүлде ауыр халге түсіреді де, өліміне себеп болады. Қырынудан болған бұл қайғылы оқиға «Тутанхамонның қарғысы» немесе «мумия қарғысына» негіз болады.

«Алла да сақтанғанды сақтайды» демекші, өз өміріңізге салғырт қарамауға, қырыну кезінде абай болып, профилактика шараларын қарауды, мұқият болуды кеңес берер едім.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 17 жасар қызын әлеуметтік желіде аукционға салған
  • Ескі балабақша ғимаратынан 1937 жылғы болашаққа жолдау табылған
  • Тісіңіз туралы не білесіз?
  • Көз туралы 24 дерек
  • Жаңбыр суының пайдасы қандай?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика