Тырнақ туралы не білеміз?

Oinet.kz 17-09-2019 3831

Тырнақ – саусақтың басын зақымданудан қорғап, тірек қызметін атқарып қана қоймай, қолға сән де береді. Қазіргі таңда әйел адамдардың шамамен 65 пайызы маникюрсіз жүрмейді екен. Ал сіз сол тырнақ пластинасының адамдарда да, жануарларда да бірдей болатынын білуші ме едіңіз?

GK9aTxm4gtGOV0nc-lg.jpg

Онихология – тырнақ туралы зерттейтін ғылым. Ал біз жаман әдет деп танитын тырнағын кеміру ғылым тілінде онихофагия деп аталады.

Биологиялық тұрғыдан алғанда, тырнақ қабыршақ болып табылады. Оның құрамында күкірт, кальций, селен, хром, фосфор, мырыш бар. Осы элементтердің жетіспеуі тырнақтың ауруын тудырады.

Адам баласында тырнақ анасының жатырындағы 3 айлық кезінде пайда болады. Ал оның толықтай жаңаруы орташа есеппен әр 5-6 айда бір орын алады.

Тырнақ шаштан қарағанда жай өседі. Ал жазда қыстан қарағанда жылдамырақ өседі. Тырнақтың өсу жылдамдығы адамның жынысына да байланысты болады. Ер адамдардың тырнақтары әйел адамдардікінен жай өседі. Сонымен қатар қолдың тырнағы аяқтікінен 2 есе жылдам өседі. Оның ішінде жұмыс қолында жылдамырақ өседі. Яғни егер сіз оңақай болсаңыз, оң қолыңыздың тырнағы, ал егер солақай болсаңыз, сәйкесінше сол қолыңыздың тырнағы жылдамырақ өседі.

АҚШ тұрғыны Крис Уолтон тырнағының арқасында Гиннес рекордтар кітабына енген. Ол тырнағын 18 жыл бойы кеспей өсірген. Нәтижесінде тырнағының ұзындығы 6 метрге дейін жеткен.

Суда көп ұстаған тырнақ жұмсарып, қалыңдағандай байқайсыз, себебі тырнақтың суды сіңіретін қасиеті бар.

Тырнақ тазалығы қолды сабындап жуудан, тырнақ астын тазалап отыру мен уақытында алып отырудан тұрады.

Бір денені бөлісіп келе жатқан егіз қыздар
Адам ағзасындағы бұлшықеттер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу