Сәбіз құрамындағы дәрумендер

Oinet.kz 26-09-2019 4211

1FB7B589-C5EA-48D7-BB0F-BCA4B15CB051.jpeg

Сәбіз - адам ағзасына өте пайдалы және де ауадай қажет B, PP, C, E, K дәрумендерінен тұрады. Сондай-ақ, оның құрамында 1,3% ақуыз, 7% көмірсу бар. Ол көптен бері әртүрлі ауруларды жеңілдету үшін дәрілік зат ретінде қолданылып келеді.

Ал таза 100 грамм сәбіздің құрамы мынадай:

  • А дәрумені – 183,3 мкг, нормадан 20,4%; 

  • бета-каротин – 1,1 мг, нормадан 22%; 

  • В1 дәрумені – 0,1 мг, нормадан 6,7%; 

  • В2 дәрумені – 0,02 мг, нормадан 1,1%; 

  • В5 дәрумені – 0,3 мг, нормадан 6%;

  • В6 дәрумені – 0,1 мг, нормадан 5%;

  • В9 дәрумені – 9 мкг, нормадан 2,3%; 

  • С дәрумені – 5 мг, нормадан 5,6%; 

  • Е дәрумені – 0,6 мг, нормадан 4%; 

  • Н дәрумені – 0,06 мкг, нормадан 0,1%; 

  • РР дәрумені – 1,2 мг, нормадан 6,1%;

  • К дәрумені – 13,2 мкг, нормадан 11%. 

Сәбіз өте төмен калориялы көкөністердің бірі. Сондықтан сәбізді асқазан ауырғанда немесе арнайы диета ұстағанда тұтынуға болады. Сәбіз көкөнісінің көпшілігінде каротин, альфа және бета-каротин (А дәруменінің провитамині) де кездеседі.

Картоп пішінді қонақ үй
Алма құрамындағы дәрумендер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу