Диеталық котлет рецепті

Oinet.kz 17-10-2019

Znalezione obrazy dla zapytania овсянка

Ингредиенттер:

1 стақан сұлы жармасы

2 стақан су

1 картоп

2-3 түп пияз

5 сарымсақ 

тұз, көктер және дәмдеуіштер дәміне қарай

Геркулес диеталық котлеттерін қалай дайындау әдісі:

Алдымен сұлыны дайындаңыз. Ол үшін сұлыға қайнаған су құйып, 40 минутқа қалдырыңыз.

Сұлы буланып жатқан кезде, картоп, пияз, сарымсақты тазалап, текшелерге кесіңіз.

Көкөністерді ет айдағыштан өткізіңіз. Содан кейін оларды дайын сұлға қосыңыз. Дайын болған сұлыға тұз, дәмдеуіш және көктерді қосыңыз. Балғын көктерді емес, кептірілгені өолдануға да болады.

Барлығын жақсылап араластырыңыз.

Котлеттерді табаға қасықпен салып, қуырыңыз. Котлеттерді алтын қыртысы пайда болғанға дейін екі жағынан қуыру керек. 

Асыңыз дәмді болсын. Рецепт пайдаңызға жарасын.

Қарақұмық пен консервіленген ет
Сірне дайындау әдісі

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×