Жұма намазына қатыспауға рұқсат берілген себептер

Oinet.kz 26-02-2020 1464

Шариғат жұма намазына қатысуға міндетті болғандардың қатысуын үзілді-кесілді түрде талап етіп, дүние қызықтарына беріліп, оған көңіл бөлмеуден сақтандырады. Аллаһ Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Жұма күнгі намазға шақырылса, Аллаһтың зікіріне асығыңдар. Егер білсеңдер, бұл өздерің үшін қайырлы», – деген (Жұма, 62/9).

жұма.jpg

Cондай-ақ оны шариғи үзірсіз қалдырғандарға жүрегінің бітелетінін ескертті. Пайғамбар : «Кімде-кім үш жұманы қатарынан оған жеңіл қарағандығы себепті өткізіп алса, Аллаһ оның жүрегін мөрлеп қояды» , – деген (Әбу Дауд, 1052; Ахмад, 15498). «Аллаһ жүрегін мөрлеп қояды» дегеннің мағынасы «оны бекітіп, орап тастайды да, мұнафиқтар мен күнәһарлардың жүрегі сияқты ішіне надандық пен қатыгездікті салып қояды». 

Жұманы қалдыруға рұқсат беретін себеп (үзір): әдеттегіден тыс, адамдарға қатты ауыртпашылық тудыратын немесе адамдардың өміріне және денсаулығына қатты залал тигізуі ықтимал жағдайлар.

Жұма намазының сауабы оған қаншалықты ерте келумен байланысты.

Жұмыс кестесі немесе қызмет жұмадан қалуға себеп пе?

Негізінде, қызмет және тұрақты жұмыстар мұсылман үшін жұма намазынан қалуға үзір болып табылмайды. Өйткені Аллаһ Тағала бізге жұмысты тастап, намазға баруды бұйырған. Жоғарыда келгендей, аятта «Ей, иман келтіргендер! Жұма күнгі намазға шақырылса Аллаһтың зікіріне асығыңдар. Егер білсеңдер, бұл өздерің үшін қайырлы», – делінген (Жұма, 62/9). Сондықтан мұсылманға материалды пайдасы аз болса да,  діни рәсімдерді атқаруына кедергі болмайтын жұмыстарды қарастырған жөн. 

Аллаһ Тағала: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оған шығатын жол жасап береді және оны күтпеген жерінен ризықтандырады. Кім Аллаһқа тәуекел етсе, оған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Аллаһ – Өзі бұйырғанды аяғына дейін орындаушы. Ол әрбір нәрсеге мөлшер белгілеп қойған», – деген (Талақ, 2-3).

Жұмыс кезінде  жұмадан қалуға үзір болатын жағдайлар:

Жоғарыда айтылғандай, тұрақты жұмыс жұмадан қалуға үзір болып саналмайды. Алайда бұдан тыс екі жағдай бар:

Ол жұмыста қоғам немесе адамдар үшін орасан зор пайда болып, ол пайда тек жұманы тәрк ету арқылы ғана келетін болса. Сол секілді ол жұмысты тастау себепті орасан зор зиян тиіп, орнына басқа ешкімді қалдыру мүмкін болмаса.

Мысалы:

• Шұғыл түрде медициналық қызмет көрсететін жедел жәрдем қызметкерлері;

• Адамдардың үйлері мен мал-мүлкін тоналып кету және қылмыстық әрекеттерден қорғайтын полиция қызметкерлері мен күзетшілер; 

• Заводтар мен фабрикалардың жұмысын немесе тастап кетуге болмайтын жұмыстарды бақылаушылар.

Бұл жұмыс жұмадан қалуға мәжбүр болған адамның және оның отбасының қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін жалғыз кіріс көзі болып, одан басқа кірістері болмаса. Осы халге түскен адамдарға басқа жұмыс табылғанша немесе оның және ол асырауға міндетті болғандарды мұқтаждығын жабатын қаражат тапқанша, бұл жұмысты істеп, жұмадан қалуларына болады. Соның өзінде, ол бұдан басқа жұмыс іздеуге міндетті.

Ер адамға жүзік тағуға болады ма?
Түсіңізде ақша көрсеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу