Пейішке түскендер мен тозаққа түскендер арасындағы диалог

Oinet.kz 31-08-2022 4496

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде сүйген құлдарына ғана айтқан сипаттарының бірі – сабырлы болу. Сабырлылықты бізге үйреткен әрі үлгі болған Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) асыл қасиеттерінен.

Screenshot_9.jpg

Жалпылай алғанымызда, сабырлылық адам бойындағы ең ізгі қасиеттерден болып табылады. Сабыр (صَبْرٌ–сабр) сөзінің араб тіліндегі тілдік мағынасы –«шыдамдылық ету», «төзімділік жасау» дегенді білдіреді. Шариғи мағынасы – Алла Тағаланың разылығын көздеп өмірдегі сыныақтарға, тап болған қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету дегенге саяды.       

Сабырлы болу – мұсылмандардың мына өмірде кездесетін сынақтарға мойымай төзімділік танытып, алға қойған мақсаттары үшін шыдамдылық көрсетуі. Екі дүниесінің бақыты үшін кез келген қиындықты еңсере білуі. Алайда кемшілік атаулыдан пәк Алла Тағала еш нәрсеге мұқтаж болмағаны сияқты, біздің сабырлы болуымызға да мұқтаж емес. Керісінше Алла Тағаланың сынақтарына сабырлылық  танытып, сауаптарымыздың еселенуіне өзіміз мұқтажбыз. Бұл дүниедегі мақсатымыз Ұлы Раббымыздың ризалығына кенелу, жарылқауына қол жеткізу болып табылады.

Сабырлылық туралы қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде «Әли Имран сүресінің 146-аятында: «Алла сабыр етушілерді сүйеді» деп, Жаратушы Иеміз өз сүйіспеншілігіне артығымен бөленетіндер шынайы көркем түрде сабыр ете алғандар екендігін білдірсе, «Нахл» сүресінің 96-аятында: «Шынында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз» деп айтылады. Осы сияқты  сабырылықтың хикметі туралы жетпіске жуық аяттар бар.

Ислам дінінде сабыр күллі көркем мінез-құлықтың бастауы болып табылады. Бұл жайлы Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) біздерге хабар беріп, сүйіншілеген, сабырлылықтың сыйы мен дәрежесін дәріптеген хадис-шарифтері аз емес. Мәселен, мына хадисте сабыр ету басқа түскен тауқыметке дер кезінде сабырлылық таныту керектігін меңзеп былай дейді; «Бірде Пайғамбар (с.ғ.с.) қабірдің басында жылап тұрған бір әйелді көріп: «Алладан қорық және шыдамды бол!» – деді. Ол әйел Пайғамбардың (с.ғ.с.) түрін білмейтін, сондықтан: «Мені жайыма қалдыр, саған мұндай қайғы келген жоқ қой!» – деп дауыстады. Содан кейін оған: «Бұл Пайғамбар ғой! Танымадың ба?» – дейді. Сонда ол Пайғамбардың есігінің алдына келіп, қызметшісінің жоқ екендігіне таң қалды. Сосын әйел оған: «Мен сені танымай қалдым!» – дегенде Пайғамбарымыз: «Шындығында, сабырды күйзелістің басында сақтау керек», – деді (Хадисті Бұхари мен Мүслим жеткізген).

Алланың елшісі сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір тағлымы мол өсиеттерінің бірінде «Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қай ісі болмасын қайырлы. Алайда, бұл мұсылманның ғана маңдайына бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді − бұл оған қайырлы. Егер ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу сабырлылық танытады − бұл оған қайырлы» деу арқылы өзінің мұсылман үмметін шүкіршілікпен қоса сабырлылыққа тәрбиелей отырып, жақсылық пен жамандық басқа түскенде ұстамды болуға шақырған.

Ислам ғұламалары аят-хадистерден сабыр сөзінің бірнеше мағынада қолданылғанына тоқталғанын көруге болады. Мәселен, құлшылық етуде, тыйым салынған нәрселерден алыс болуда, пәлекеттер мен қиыншылықтарда, халық тарапынан көрген зәбір-жапаларға, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруда  осы сияқты тағы басқа. жағдайларда сабыр таныту мүміндер үшін ауыртпашылық болып табылады.

Ғұламалардың көбі сабырдың мынадай үш түріне тоқталады. Олар:  1.Басқа түскен бәлекетке сабыр. 2.Құлшылықта сабыр. 3.Күнә жасамауға сабыр. Дегенмен басқа да жерлерде сабыр етуге бұйырылғанбыз. Ұстамды болу үшін ардақты пайғамбарымыздың өсиеттерінде күшті адам ол ашуланғанда өзін-өзі ұстаған адам және егер сендердің бірің ашулансаңдар тік тұрса отырсын, егер ашу кетпесе жантайсын деген екен. Ашуға бой алдырып, соңында өкініп қалмау үшін дер кезінде сабырлылық танытуымыз керек екен.

Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз «сабыр» дегенді ұстамды болу, шыдамды болу деген сөз екендігін ұқтырғысы келетінін мына өлең- жырларынан көруге болады;

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ызданады, 

Осыдан көп шығады адамшылық!

Жүсіп Баласағұн атамыз «Сабыр етсең – ісің оңға асады, шүкір қылсаң – жамандық та қашады», – деп кез-келген жағдайда сабырлы болуға шақырып, жамандық атаулыдан шынайы сабыр етіп қана құтылуға болатындығын айтып жеткізген. Өйткені қайғы-қаза, бәлекет басқа түскенде адамға сабырлық қажет етіледі. Біз пендеміз, өмірді Жаратушы Иеміз біздерге нәсіп етіп, қасиетті Құран Кәрімде айтқандай, санасақ санына жетпе алмайтындай түрлі жақсы-жақсы нығметтерді төгіп шашып қойды. Әрине, біз сол жақсылықтарға Аллаға мың да бір шүкіршілік етеміз және айтуымыз міндетті-ақ. Алайда, өмір – сынақ, жақсылықпен қоса қиындықтар да болып тұрады. Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту да – біздің міндетіміз.

Сөз соңында, түйіндей келе айтпағымыз, тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды сабырлы болуға жазсын! Сабырлылық – баршамызға керекті қажеттіліктердің бірі. Ендеше сол қажеттіліктен құр қалмайық, ағайын! Әмин!

Қасымов Бердімұрат Сайынұлы

Діндерді зерттеу орталығының теолог қызметін атқарушы 

және «Көктал» мешітінің наиб имамы

muslim.kz

Бос бесікті не үшін тербетпеу керек? Құпиясы ашылды
Жаназада уағыз айтқан молдаға айқайлап ұрсып бердім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу