Вирустан сақтайтын сүрелер

Oinet.kz 17-03-2020 5739

Қазіргі таңда бүкіл әлем жұртын тәжтажал (коронавирус) індеті алаңдатқызып отыр. Қаншама халық осы індеттін құрбаны болып, жалған өмірің аяқтап фәни өмірге жол тартты. Бұл адамзаттың басына төнген алғашқы індетті бірі емес. Осыдан тура 100 жыл алдын, яғни 1920 жылдары елімізде жұт болып, мал қырылып, адамдар жейтін азық таппай тіпті өз баласының етін жейтін дәрежеге жеткен. 

lechenie-molitvami3-800x445.jpg

Енді осынау індеттен құтылатын сақтану шараларын баршамыз білеміз. Қолды жиі жуып, антисептик қолдану, көпшілік ортаға көп шықпау, қоғамдық көлікте емес жаяу жүруді кеңес береді. Міне, осындай сақтану шараларын уақытылы істеу арқылы індеттен құтыла аламыз.

Алайда, бұлардан бөлек басты сақтану шарасы – дұғаның бар екенін ұмытпайық. Бұл жайлы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Дұға басқа түскен нәрсеге де, түспеген нәрсеге де пайдалы. Сондықтан, ей, Алланың құлдары, дұға қылыңдар!" - деген хадисі бар. 

Осы сөйлемді оқыған бойда адам жүрегінде тыныштық орнайды. Бұл індетті адамзатқа жіберген бір Алла, оның емін беретін де бір Алла. Барша әлемге жіберілген бұл індеттін басты «міндеті» - Алланы еске алу. Оның кешірімі мен мейірімінен үміт үзбеу керектігін ескертеді. 

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с) жатар алдында екі алақанына Ықылас, Фәләһ және Нас сүрелерін оқып, үрлеп, бүкіл денесін сипайтын еді» - деген. Ендеше, сіздерде күнделікті жатар алдына осы амалды жасап, әрі үйден көшеге шығарда да бір Аллаға тәуекел етіп шығыңыз. 

Қажетті сүрелер:  

Ықылас сүресі

 بِسْمِ اللهِ الرَّحْ مَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ ﴿1﴾ اَللَّهُ الصَّمَدُ ﴿2﴾ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ ﴿3

وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ ﴿4

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахим

«Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад».

Мағынасы:

1. Былай де: Аллаһ – жалғыз.

2. Аллаһ –  Самад (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек бере алмақ емес). 

3. Ол тумады да туылмаған. 

4. Оған тең келер еш нәрсе жоқ (Ол теңдесі жоқ, теңдессіз. Жаратылғанға мүлде ұқсамайды. Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз Ұлы Жаратушы).

Фалақ сүресі

 بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ﴿1﴾ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ ﴿2

وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ ﴿3﴾ وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ ﴿4

 وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ ﴿5

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул ә’узу бираббил-фәлақ, мин шәрри мәә халақ, уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа мин шаррин-нәффәәсәәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад».

Мағынасы:

1.Таңның Раббысына сиынамын. 

2. Жаратқан нәрселердің кесірінен.

3. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.

4. Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен. 

5. Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, –  деп айт.

Нас сүресі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ

قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ﴿1﴾ مَلِكِ النَّاسِ ﴿2﴾ إِلاَهِ النَّاسِ ﴿3﴾ 

مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ ﴿4﴾ الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ ﴿5﴾ مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ ﴿6

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Қул ә’узу бирраббин-нәәс, мәликин-нәәс, иләәһин-нәәс, мин шәррил-уәсуәәсил-ханнәс, әлләзи иуасуису фи судуурин-нәәс, минәл-жиннәти уәннәәс».

Мағынасы:

1. Адамдардың Раббысына, 

2. Адамдардың  жалғыз Иесіне, 

3. Адамдардың Құдайына сиынамын. 

4. Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.

5. Ол – адамдардың жүрегіне жаман ой салып азғырады. 

6. Ол шайтан жындардан да, адамдардан да шығады, деп айт.

Қазақта «қырық жыл қырғын болса да ажалды ғана өледі» деген әдемі сөз бар. Расыменде, егер ажалымыз келсе бәріміз де бұл өмірден кетеміз. Бұл ауру – Алла Тағаланың сынағы. Бәрімізге сынақтан сүрінбей өтуді Алла жазсын. 

Әйел адам марқұмдарға Құран оқып бағыштай ала ма?
Қияметтің белгілері қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу