Құранның орнына ақша таңдаған бағбан туралы тәмсіл

xjpPgiGlO6Q.jpg

Отбасында ұрпақсыз қалған, бірақ өте бай дəулетті кісі өз қызметкерлерін кешкі асты бірге отырып ішуге шақырды.

Дастарқанда əрқайсысының алдына бір Құран кітабы мен белгілі мөлшерде ақша қойды. Астарын ішіп болған соң:

- "Алдарыңыздағы Құран мен ақшаның бірін таңдаңыз" - деді.

Бірінші болып күзетшіге :

- Таңдаңыз! - деді.

Күзетші: -Мен əлбетте, сондай..... əлгі Құранды таңдаған болар едім.....бірақ.... өкінішті....мен оны оқуды білмеймін бəрібір....Сондықтан ақшаны аламын. Маған оның көбірек пайдасы тиеді" - деді.

Кезек аспазшыға келді.

- "Мархаба, бұйырыңыз!".

Аспазшы: - "Мен де....əрине.....Құранды таңдаған болар едім.....Өзіңіз білесіз. Жұмысшы болсам. Құран оқуға уақытым қайдан болсын. Сол үшін мен де ақшаны таңдаймын" - деді.

Бағбанға қарап :

- "Таңдаңыз!" - деді.

Ол да өзінен алдыңғылардың сөзін айтып:

- "Мен сөзсіз Құранды таңдаған болар едім.....бірақ.....əйелім науқас. Маған ақша өте зəру қажет. Оның дəрі-дəрмегін алу үшін ақшаға мұқтаждығым бар. Егер осы себеп болмағанда еді......əлбетте Құранды алған болар едім" - деді.

Соңғы кезек үй жануарларын бағып, қарап жүретін жас жігітке келді. Бай бұл жігіттің де өте кедей отбасынан екендігін білетін еді. Сол үшін де оған:

-"Сен де ақшаны таңдайсың деген ойдамын. Азық-түлік, ескі-құсқы киім-кешек орнына жаңасын алу үшін əрине ақша керек" - деді.

Жігіт:

- Расымен де менің жаңа киім алып киюге мүмкіндігім жоқ. Анам екеумізге тіпті тауық та сатып ала-алмаймын. Бірақ мен Құранды таңдаймын! Себебі, "Анам: "Аллаһ Тағаланың сөздерінің құны алтыннан да қымбат, балдан да тəтті" - деп үйреткен" - деді.

Мусхафты (Құранды) қолына алып, ашты. Ішінде екі конверт болды. Бірінде дастарханда тұрған ақшаның он есесі. Ал екіншісінде, бай өзіне жақында мирасқор дайындау жөнінде өсиетнама бар еді.

Бай айтты : - " Кім Аллаһ жөнінде жақсы ойда болса, Аллаһ оны ешқашан үмітсіз қалдырмайды!"- деді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұма күнгі амалдар
  • Адамға жынның кіру себептері, белгілері, шығару жолдары
  • Намазда еріксіз жылау нені білдіреді?
  • Рамазан айында неге ет жеуге болмайды?
  • Үйленуден де маңызды іс
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика