Өз нәпсісін жеңген жігіт

Oinet.kz 01-09-2019 6061

Қараңғы түсіп, түн жамылған кез... Есіктің қағылған үнін естіп, жігіт есікті ашты. Кенет түсінбестен дауыстап жіберіп: «Сен кімсің» – деді. Ол: «Мен студентпін, мұнда мұғалімдеріммен келген едім. Бірақ олар мені жалғыз тастап кетті. Ал мен қалай қайтуды білмеймін» - деп жауап берді.

Screenshot_11.jpg

Жігіт: «Сен халық көшіп кеткен аймақтасың. Сенің барар ауылың оңтүстік жағында, ал сен солтүстік аймағындасың. Бірақ бұл жерде ешкім тұрмайды» - деп, оның таң атқанша бір бөлмелі ғана үйінде түнеуіне рұқсат етіп, ол қыздан өз төсегіне жатуын сұрап, өзі жерге жататынын айтып, жігіт төсегінің бергі жағынан жіп тартып, жіпке мата іліп екі араны бөліп қойды. Ал қыз болса қатты ыңғайсызданып, түнде бір әурет жері ашылып қалудан қорқып, қымтанып жатты.

Жігіт: қолына кітап алып оқып жатқан болатын. Кенет кітапты жанына қоя салып, алдындағы жанып тұрған шамға бас бармағын біраз уақыт күйдіре ұстап тұрды. Араға аздап уақыт салып өзге саусақтарында солай күйдіре бастады.

Қыз: қымтана дыбыс шығармай көзіне жас алып, шариғат талаптарына қайшы іс - әрекеттер болмауын тілеп қорқып жатты. Екеуі де түні бойы көз ілмеді... Таң атысымен жігіт қызды ауылына апарып салды.

Қыз: жігітпен болған оқиғаны әке - шешесіне бұлжытпай айтып берді. Бірақ оған әкесі қызының халін көріп сеніңкіремеді, қыз түндегі қатты қорқыныштан ауырып қалған еді. Ертеңіне әкесі сол ауылға барып, жігітке жол көрсетуін сұрап барады. Сол кезде жігіт жол көрсетіп жатқанында саусақтарының күйгенін көріп, жолшылай себебін сұрайды.

Жігіт: «Кеше бір сұлу қыз келген еді, түнде менің бөлмемде қонған болатын. Екеуміз ғана болғандықтан «екеудің үшіншісі шайтан болады» дегендей, түнде шайтан азғырды, мені азғыруы қатты күшейген кезде тозақтың отын есіме алу үшін саусағымды күйдіріп, нәпсімді тежеп отырдым. Саусағымның күйгенінен көрі мен үшін сол қыз жайлы ойлауым ауырлау қиын болды» - деп болған оқиғасын айтып берді.

Қыздың әкесіне жігіттің нәпсісін тежеудегі тақуалығы ұнап, оны өз үйіне қонаққа шақырды. Сұлу қызын сол жігітке беріп, екеуін үйлендіруді мақсат етті.

Құранның орнына ақша таңдаған бағбан туралы тәмсіл
Балалы болу үшін оқылатын таңдаулы төрт дұға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу