Допинг дауы: Жарыстан шеттетілген отандық спортшылар тізімі жарияланды

Oinet.kz 09-05-2020 1417

Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығы бірнеше жыл жарысқа қатыса алмайтын спортшылардың жаңа тізімін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 

Screenshot_1.jpg

2020 жылдың басынан бері 11 атлет допинг қолданғаны үшін жазаға тартылғаны белгілі болды. Оның ішінде 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар. Оның сынамасынан Оралтуринабол анаболик стероиды табылған. Ол 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін, яғни 4 жылға жарыстан шеттетілді. 

Сонымен қатар шаңғышы Алексей Полтораниннің ісі бойынша шешім қабылданды. Ол да 2019-2023 жылдар аралығында ешбір жарысқа қатыса алмайды. Допинг қолданған танымал спортшылар арасында жеңіл атлет Любовь Ушакова, тректегі велоспорт шебері Роман Василенков, волейболшы Антон Кузнецов, хоккейші Владислав Никифоров бар. Олар да 2-4 жыл аралығында дисквалификация алды. 

Сонымен қатар теннисші Бейбіт Жұқаев, жеңіл атлеттер Александр Безруков, Олеся Задорожная, гимнасшы Гаухар Төлебаева және самбошы Фарух Мирхакимовтың сынамасынан да допинг табылған. 

Алланың берген сынағына мойынсұнған Кенжебек Жанәбілов еріксіз жылап жіберді
Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу