Саят Медеуовтің отбасында тағы да қайғылы жағдай орын алды

Oinet.kz 14-07-2020

Елімізге танымал әнші Саят Медеуовтің отбасында тағы да қайғылы жағдай орын алды. Екі апта бұрын анасынан айырылған өнер иесі қарт әкесінен де айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

image.png

Қаралы хабарды "Жетісу" телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Ол анасын жоқтап үлгермей жатып, әкесінен айырылған Саят Медеуовке қайғыра көңіл айтты. Желідегі жазбаға сәйкес, әншінің әкесі 80 жасында өмірден озған. Қария өзінің ақырғы тілегін айтып кетіпті.

 "Саят бауырымның әкесі Қабыл ақсақал қайтты деген хабар жетті. Алла алдынан жарылқасын. Қаза соңы қайырлы болсын, Сәке! Екі аптада ата мен ананы әкеткен жаманат енді шаңырағыңнан аулақ жүрсін. Ақсақалдың ақырғы сөзі: Ел аман, сендер аман болыңдар, - бопты. 80 жыл ғұмыр кешкен қарттың тілегіне періштелер әумин деп елді шыр айналдырған пәлекет аулақ кетсінші. Қарттың иманы саламат болсын! Бекем бол, Сәке", - деп жазды Серік Әбікенұлы.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған жұртқа жауап берді
«Президент мырза!» - Баян Мақсатқызы Тоқаевқа адуынды үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×