Әкесі Марат Омаров туралы айтқан Зарина көз жасына ерік берді (видео)

Oinet.kz 28-01-2021 2330

Отандық белгілі әнші Зарина Омарова өткен сәттерде отбасында орын алған оқиға туралы баяндап берді. Бұл туралы ол "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Марат Омаров қызы Зарина.jpg

- Мен әкемді ешқашан жамандағым келмейді. Менің әкем, менің  асқар тауым. Мен сол кезде 3 сынып оқушысы болған кезде көрген ауыртпашылығым үлкен деп есептеймін. Өйткені, мен үшін өте қиын болды. Анам, мен, сіңлім, інім. Төртеуміз қалдық. Енді ол тағдыр деп есептеймін. Негізі менің ата-анам бір-бірін өте жақсы түсінеді. Енді әкем творчествоның адамы. Гастроль бар. Сапар анда-мұнда. Мамам балалармен үйде. Сосын апам көшіп келді. Барлығымыз бірге тұрдық. Екеуі келіспей қалатын жағдайлар болды. Әрине, түсініспеушіліктер болды. Үлкен ұрыс болды. Сосын кетіп қалды. Оның бәрі есімде. Апам екеуі кетіп қалғаны. Сол кезде бір Алла ең біріншісі анама көмектескен. Менен кейінгі сіңлім мен інім кішкентай ғой енді ештеңені түсінбейді. Мен анамның ішкі жан-дүниесінің бәрін түсініп, қазір өте жақсы түсінемін. Өйткені, өзім ана болғаннан кейін. Бізді жеткізді. Бізді аяққа тұрғызды. Анамның алдында бас иемін. Енді үйдегі басшы мен боп қалатынмын. Сосын мен өскеннен кейін ән айтып. Бірақ, мама папамның қасынан қалдырмайтын. Қазір мен әкемді де кінәламаймын. Өйткені, қазір көріп жүрмін. Шоу-бизнес. Өзім отбасы болғаннан кейін әкемді кешірдім. Әкемнің әрекетін толық түсіндім - деді Зарина Омарова. 

«Өмірдегі ең алғашқы азабым сол болды» - Зарина Омарова (видео)
Роза Рымбаева қарапайым халықты сынап тастады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу