Жер аударып, огород егіп жүрген Қыдырәлі Болманов көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Oinet.kz 29-06-2021

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов жер аударып, огород екті. Сол сәттегі видеосын ол Instagram парақшасында жариялады. 

Қыдырәлі Болманов.jpg 

- Қазіргі уақытта жер тырмалап, огород еккеннің денсаулыққа пайдасы зор... Жер ананың, күннің энергиясы адамға да, өсімдікке де, өсуі үшін - ауадай қажет! Былтыр 1-ші рет еккенде, Астанада қалай өсер екен деп ойландық... Бір Аллаға сиынып,тәуекел еттік. Өте жақсы шықты. Алла қаласа биыл одан да жақсы шығайын деп тұр... Өзіңіз ектіңіз бе деген сұрақ жиі қайталанады. Бақша - өз уақытында отырғызылуы керек. Өзім Елде болмасам да, жанашыр бауырларым бар. Қазіргі уақытта огородты да онлайн отырғызуға болады. Ең бастысы - ниет қой ! Былтыр көп дақылды өз қолыммен ектім. 4-5 камаз қара топырақ төккіздім. 2-машина көң төккізіп, араластырдық. Жақсы араласса керек, қазір не ексең де, бұрқырап өсіп кетеді... Сіздер де өсіп-өне беріңіздер! Қайырлы кеш, Қазақ Елі! - деп жазды ол. 

Әншінің тірлігіне желі қолданушылары таңданысын білдіріп, жылы лебіздерін білдіруде.

- "Еңбек рәтті болсын", "Керемет Аға еңбегіңіздің жемісін көріңіз Алла берекесін берсін!", "Керемет өз қолыңмен егіп жеген жеміске не жетсін. Жерің үлкен екен менің жерім алақандай ғана .Меніңде жерім үлкен болса Қыдыралінің жеріндей керім болар еді. Бізге тек үй салу тағы басқасы бар салатын 40 ×25 қана айналымға келмейді. Жалпы Қыдырәлі бақша егуді жақсы көретіні көрініп тұр. Әрдайым еңбек етіп тал отырғызып жүргені", "Керемет Қыдыралы мырза еңбегіңіздің жемісін көріңіз", "Оооо, бәріне үлгеріп жүрген жан екенсіз, жарайсыз, мен күтіп едім сіздің бақшаңызды, биыл екпеген бе деп, өткен жылы да мықты болған бақшаңыз, өнім Алла қаласа мол болғай", "Еңбегіңіздің жемісін көріңіз !Керемет берекелі болсын Отбасыңызбен аман болыңыз" - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Айжұлдыз бен SayMo бірігіп мамаларының балаларына арнап хит жазды (видео)
«Түркиядан үй сатып алмаймын» - Ерке Есмахан


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×