Қарақат Әбілдина: «Жанұяда әлсін-әлсін құлдырау болады»

Oinet.kz 17-09-2021

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина отбасы құрып, екі-үш айдан соң ажырасуға асығатындарды қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

image.png

- “Үйлену оңай - үй болу қиын” деп қазақ қалай жақсы айтқан. Қос қолдап қосыламын. Отбасы құру әп сәтте. Ал оны сақтау - өнер.

Рас. Жанұяда әлсін-әлсін тоқырау, құлдырау болады. Оны Ресей ғылымы “семейный кризис” деп атайды. Мысалы:

1 жыл: Жастар бір-біріне үйренісетін адаптация кезеңі. Осы кезде келін мен баланың сыйысып, сыйласып кетуіне айналасы әбден қолдау көрсеткені жақсы. Менің ойым.

3 жыл: Енді бұл уақытта арада 1 не 2 бала бар. Жас баласын бағып, отбасы, ошақ қасында отырып қалған әйел өзін бар әлемнен алшақтап, қарайып қалғандай көреді. Содан ба комплекс, қарадай тұрып қысылу көп. Реті келсе сырттан көмек алып, бірауық өзіне ұнайтын жайттарға ілесіп отыру керек шығар.

7- жыл: Бұл енді ең қауіптісі. Не ары, не бері болатын уақыт. Айтатын әңгіме таусылған, жұбынан жалыққандай. Ойлар мен сөздер сәйкес келмейді. Мұндайда бірге саяхттау, көбірек әңгімелесіп, болашақты жоспарлау жарастыратын болар.

13-14 жылдар: мұнда екеуінің бірі карьера, қаржылық жағынан өскен де, бірін-бірі төмен санау, намысқа тию, тапқанын бұлдау басталады.

Біразынан біз де өттік.Аллаға шүкір. @kydyrali_bolman Ең бір қиын жағдай болмаса, басқа уақытта отбасын сақтау жағындамын. Біріне жар, біріне жігіт табылар. Бірақ арадағы балаға обал.

Ата-ана арасындағы мәселенің көлеңкесі баланы айналып өтпейді. Жанұяны сақтау, әрине сақтауға келетін болса, - ең дұрысы! Ақылым тасып баратқаннан емес, үйлене сала үш айдан кейін ажырасып тынатын жұпты көріп жаным ауырады. Шыны керек өз басым ажырасуға түбегейлі қарсымын.

Бірақ кей жағдайда, айрылысуға тура келетін шығар.Ол туралы да өз ойым бар. Келесіде енді. Сіз де осынау кезеңдерден өткен боларсыз?! Мүмкін өтіп жатырсыз?! Ой бөлісіп қойыңыз - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Тоқтар Серіковтың кішкентай кезінлегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Роза Әлқожаның отбасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×