«Тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз» - Баянның қызы әкесі туралы айтты (фото)

Oinet.kz 07-10-2021 3578

Айсәуле Бақытбек бүгінде түрмеде отырған әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Продюсердің қызы абақтыға барып тұратынын айтып, ел алдында бұл тақырыпты мүлдем қозғағысы келмейтінін жеткізді. 

image.png

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Желі қолданушылары блогер аруға түрлі сауалдарды жолдады. Алайда, олардың бірі болашақ анадан туған әкесімен қарым-қатынасы жайлы сұрап, оның ашуын келтірді. 

- Иә, барып тұрамын. Ал сіз осындай сұрақ қоймас бұрын, неге бұл тақырыпта ешқандай жазба, сторис жоқ деп ойладыңыз ба? Мүмкін оны сөз қылатындай немесе мақтанатындай себеп көрмеген болармын?! Түсінікті жағдай, бұл тақырып менің жаныма жақпайды. Егер осыған ұқсас жағдай сіздің басыңыздан өтсе, бүкіл елге жария еткіңіз келер ме еді?! Ендеше мұндай сұрақ қоймас бұрын, алдымен мен жүріп өткен аяқ киімді неге киіп көрмеске? Инстаграмдағы адамдарға ұқсап, аяушылық сезімін тудырғым, мұндай сұм жолмен аудиторияның махаббатын жаулағым келмейді. Аянышты жазбамен фото-видео жариялап, ақымақтық танытқым келмейді. Ол менің болмысыма жат.  Өз-өзіме адалмын, не істеп жүргенімді, қандай перзент екенімді өзім білемін. Оны елге көрсету аянышты деп ойлаймын. Бұл жариялайтындай тақырып емес.  Құдайға шүкір, анам ақылсыз әйел емес. Әкемізбен арадағы мәселесін балаларына өткізген жоқ. Әкем де солай. Сондықтан да анаммен де, әкеммен де қарым-қатынасым керемет. Сіз осыны ғана білсеңіз жеткілікті. Ал сіз тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз, - деп жазды Айсәуле.

image.png

«Бәрі тоқтағанына міне 1,5 жыл» - Қарақат Әбілдина (видео)
Арман мен Ашаның қос қызының ерекше биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу