«Бәрі тоқтағанына міне 1,5 жыл» - Қарақат Әбілдина (видео)

Oinet.kz 06-10-2021 4242

Танымал әнші Қарақат Әбілдина нағыз ән қандай болатынын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қыдырәлі мен Қарақат.png

- Нағыз ән ол - халықтың жүрегіне бірден жетіп, ел болып, жасы да, кәрісі де бірге шырқайтын ән - деппін бір сұхбат бергенде. Расымен ұмытылмайтын, ескірмейтін, жүректерден өшпейтін, өлмейтін әндер бар иә?! Мына қысылтаяң уақытта бұрынғыдай концерт те жоқ, ән де аз. Бәрі тоқтағанына міне 1,5 жыл. Бұл арада қыздарыңыз сапалы өмір, мықты денсаулық, мол табысты насихаттайтын желілік бизнесте өзін сынап жүр. Бастамасы жаман емес сияқты. Күннен күнге елден алар алғыс, жұртқа берер пайдам да көп сияқты. Өзім осы істің қызығына кіріп, жан-жағыма жиналғандарды да жетелеп жатырмын. Бірақ әрине әнді де ұмытуға болмайды. Әнсіз өмір - мәнсіз. Ән менімен, мен әнмен бірге туғам. Жарқын күндер, жақсы күндер, әсем әндер әлі алда. Шығармашылығыма бет бұрып, жаңа әндер жазуға ден қойып, негізгі кәсібіме кірісетін жоспар бар - деп жазды әнші.

View this post on Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Батпаққа белшесінен батқан жылқы құтқарылды (видео)
«Тәрбиесіз, әдепсіз және ақылсыз әйелсіз» - Баянның қызы әкесі туралы айтты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу