Алмас Кішкенбаев: «10 мың теңге төлеп, Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан пәтерге ие боласыз»

Oinet.kz 02-10-2019 1699

Screenshot_13.jpg

Отандық эстрада жұлдызы Алмас Кішкенбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес санатындағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тікті. Әнші әлеуметтік желіде ауқымды конкурс ұйымдастырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы

Кішкенбаевтың айтуынша, елорданың қақ ортасындағы пәтермен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар да табыс етіледі.

Нақтырақ айтқанда, 200 адам бес мың теңгеден, 40 адам 10 және 20 мың теңгеден, 10 адам 50 теңгеден алады. Сондай-ақ, 5 адам 100 мың теңгеге ие болса, төрт адам 150 мың теңге жеңеді. Ал бес адам Iphone X ұялы телефонының жеңімпазы атанады.

Screenshot_14.jpg

Байқаудың әділ өтуіне сендірген эстрада жұлдызы тікелей эфирге кіріп, өз үйін де көрсетіп шыққан. Осылайша, ол көпшілікті конкурсқа белсене атсалысуға шақырыпты.

Бұл конкурстың қатысушысы атану үшін 10 мың төлеу қажет. Конкурс 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ердос Қанаев: «Үлкен ұлым үлкен сынақпен келді»(видео)
Сынға қалған Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу