Ердос Қанаев: «Үлкен ұлым үлкен сынақпен келді»(видео)

Oinet.kz 30-09-2019 7198

Screenshot_5.jpg

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев үлкен ұлы жайлы құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz порталының тілшісі Астана каналындағы «Той думан»  бағдарламасына сілтеме жасап.

Әнші жұбайы Айдана Мейірбековамен 2009 жылы отау құрады. Бүгінде қос жұп 4 баланы тәрбиелеп отырған, үлгілі отбасы қатарында. Жан-жарыма 99 пайыз сенемін, - дейді Ердос. 

Сұхбат барысында үлкен ұлы Әбдурахимның мүгедек болып туылғанын жасыра алмады.  

«Балам сынақпен келді, ауру болып туылды. Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Екеумізге де ауыр соққы болды. Қазір жасы тоғызда. Осы күнге дейін ешкімге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлым сынақпен келді. Ауруханаға мен үйдің арасында жүргенімізге тоғыз жыл болыпты», - дейді әнші. 

 

видео сілтемесі

Тұрсынбек жайлы әзіл желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)
Алмас Кішкенбаев: «10 мың теңге төлеп, Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан пәтерге ие боласыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу